Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Бірнеше лауазымды тұлғаға сөгіс жарияланды

27 Маусым 2014, 11:51
2
Қазақстан Президентінің резиденциясы. ©Тұрар Қазанғапов
Қазақстан Президентінің резиденциясы. ©Тұрар Қазанғапов

ҚР Президенті әкімшілігі еліміздің бірқатар лауазымды тұлғасына сөгіс жариялады, - деп жазады "Казахстанская правда". 

"Президент әкімшілігі жетекші лауазымды тұлғалардың Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды іске асырудағы дербес жауапкершілігін күшейту жөніндегі саясатты жалғастырады. Кезекті есептің қорытындысы бойынша Президенттің 2010 жылдың 27 сәуіріндегі № 976 Жарлығына сәйкес, Мемлекет басшысы тапсырмаларын сапасыз орындағаны үшін бес саяси қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Премьер-министрдің өкімімен Президенттің "2020 жылға дейінгі елдің агроөнеркәсіп кешенін дамыту туралы бағдарламаны дайындау туралы" тапсырмасын сапасыз орындағаны үшін Ауыл шаруашылығы вице-министрі Сапархан Омаровқа ескерту жарияланды", - деп жазады басылым. 

Сондай-ақ, Астана қаласы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау облыстары әкімдерінің өкімімен бірқатар әкім орынбасары жазаланды. Мемлекет басшысының "Коммуналдық төлемдерге арналған бірыңғай төлем құжатын енгізу және "Жерұйық" паркін құру туралы" тапсырмасын дұрыс орындамағаны үшін Астана қаласы әкімінің орынбасары Василий Крыловқа сөгіс жарияланды. Өскемен қаласында Қан орталығы құрылысын аяқтау мерзімін бірнеше мәрте шегергені үшін, сондай-ақ Мемлекет басшысының "350 дәрігерлік амбулатория мен емхана салу туралы" тапсырмасы аясында денсаулық сақтау нысандары құжатын дер кезінде жасамағаны үшін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ерлан Текешовқа қатаң сөгіс жарияланды, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ғабит Мұхамбетовке сөгіс жарияланды, Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Сүйіндік Алдашовқа ескерту жасалды.

Премьер-министрі кеңсесі жетекшілігінің, министрлер орынбасарларының, жауапты хатшылардың және ұлттық компания жетекшілерінің Мемлекет басшысының актілері мен тапсырмаларын сапалы әрі өз уақытында орындау жөніндегі жұмыстары туралы есептері апта сайын тыңдалады. Президент әкімшілігі мен Үкімет Елбасы тапсырмаларының орындалуын қадағалау жөнінде бірлескен жұмысты жалғастыратын болады.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай