19 ақпан 2019 11:16

Бірнеше облыста жолдар жабылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© newsmir.info © newsmir.info

Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше облыста жолдар жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше облыста жолдар жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақавтожол" мәліметі бойынша, Батыс Қазақстан облысында боран мен жолдың нашар көрінуіне байланысты 18 ақпаннан бастап 23.20-да барлық бағыттар бойынша жолдар жабылды.

Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауына байланысты - қатты боран, нөлдік көріну - Қандыағаш - Ембі - Шалқар - Ырғыз Республикалық маңызы бар автожолы учаскесінде 92-257 шақырым, Ембі қаласынан Шалқар қаласына дейін, автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.

Қызылорда облысында 19 ақпанда түн ортасында боран мен жолдың нашар көрінуіне байланысты Самара-Шымкент автожолының учаскесі жабылды, Ақтөбе облысының шекарасынан Қызылордаға дейін автокөліктің барлық түрлері үшін 1240-1812 шақырым.

Алматы облысында боран салдарынан Үшарал - Достық автожолы 83-184 шақырым, Көктұма ауылынан Достық ауылына дейін, автокөліктің барлық түрлері үшін жабық.

Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысындағы Өскемен - Зырян - Рахман қайнарлары автожолының шағын учаскесінде қозғалыс шектелді. Солтүстік ауылынан Серебрянск қаласына бұрылысқа дейінгі 46-66 шақырымындағы учаске қысқы кезеңде Осиновка асуында ауыр тау - кен жағдайларына байланысты жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында-тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көлігі үшін жабық.

Осыған дейін, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің басшысы Владимир Беккер қазақстандықтарға жолдағы қауіпті жағдайларды айтып, көлікпен ұзақ жолға шықпауға шақырды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети