16 қазан 2021 14:12

Бірнеше өңірде жұмыртқа мен қырыққабат қымбаттады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Үкіметтің Цифрлық кеңсесінде орталық мемлекеттік органдар басшыларының және өңірлер әкімдерінің қатысуымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасын реттеу мәселелері бойынша кеңес өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. 


ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Үкіметтің Цифрлық кеңсесінде орталық мемлекеттік органдар басшыларының және өңірлер әкімдерінің қатысуымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасын реттеу мәселелері бойынша кеңес өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. 

Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасы 0,2 пайызға өсті. Бұған қырыққабат бағасының 3,5 пайызға және жұмыртқаның 1,6 пайызға қымбаттауы әсер етті. Қырыққабат бағасының ең көп өсуі Алматы қаласында (19,3 пайыз), Ақтөбе (7,4 пайыз) және Түркістан (6,7 пайыз) облыстарында тіркелді. Атырау облысында жұмыртқа бағасы едәуір өсті (27 пайыз).

"Айналым схемасы" шеңберінде өңірлерде 273,6 мың тонна әлеуметтік маңызы бар тауар сатып алынды. Өткен аптада жұмыртқа (+70,6 миллион дана), картоп (+17,4 мың тонна), сәбіз (+7,2 мың тонна), пияз (+4,7 мың тонна), қырыққабат (+4,8 мың тонна) және тағыда басқа сатып алу ұлғайтылды.

Өткен аптада Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі нан, жұмыртқа және ұн өндірушілеріне бағаның мүмкін өсуі туралы жария мәлімдегені үшін төрт ескерту жасады. Нұр-Сұлтан қаласында, Түркістан және Маңғыстау облыстарында 18 тауар позициясы бойынша сауда үстемесін көтерудің 7 дерегі анықталды. Түрлі бағаларды қолдану белгісі бойынша хабарламаны орындамауына байланысты "Тараз қант зауыты" ЖШС-ға қатысты тергеу тағайындалды.

Бүгінгі таңда өндірушілермен және ірі супермаркеттермен баға мен сауда үстемесін төмендету туралы, оның ішінде республикалық ірі сауда желілерімен ӘМАТ-қа сауда үстемесін 15 пайыздан 10 пайызға дейін төмендету туралы, сондай-ақ Қазақстанның жұмыртқа өндірушілер қауымдастығына кіретін Қазақстанның 14 құс фабрикасымен 108 монополияға қарсы комплаенс актісі жасалды.

Премьер-Министр өңірлердің әкімдеріне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын ұстап тұру жұмысының тиімділігін, оның ішінде "айналым" схемасын қаржыландыруды және тұрақтандыру қорларына сатып алуды ұсынылатын көлемдерге дейін жеткізу, азық-түлік тауарларының өңіраралық үздіксіз ағынын ұйымдастыру, сондай-ақ сауда субъектілерінің сауда үстемелерін асыру фактілерінің жолын уақтылы кесу арқылы арттыруды тапсырды.

Үкімет басшысы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын ұстап тұру бойынша жүйелі жұмыс жүргізудің және жалпы инфляцияға қарсы ден қою шараларының кешенін тиімді іске асырудың маңызын атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети