Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Бірінші сынып оқушыларына арналған бірыңғай базалық оқулықтар дайын - Сағадиев

18 Тамыз 2016, 16:00
0
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Бірінші сынып оқушыларына арналған бірыңғай базалық оқулықтар дайын. Бұл туралы ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев тамыз жиналысы барысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бірінші сыныпқа арналған бірыңғай базалық оқулықтар дайын. Мен өз көзіммен көрдім. Барлық кітап толықтай басып шығарылды. Қазір оқулықтарды мектептерге жеткізіп жатыр", - деп хабарлады Ерлан Сағадиев.

Сонымен қатар, ол базалық оқулықтардың көп мәселені шешетінін айтып өтті. "Бұл - өңірлер арасында білім беру сапасын реттеу, елімізде оқу үлгерімін бақылауды енгізу, бюджет қаражатын үнемдеу. Оқулықтар мемлекеттің меншігінде болғандықтан, болашақта біз олардың мазмұнын жетілдіру мақсатында жұмыстар жүргізуіміз мүмкін", - деді министр.

Министрдің айтуынша, кітап басып шығарушыларға базалық оқулықтарда авторлардың есімін көрсетіп, видеолармен толықтыруға кеңес берілді.

"Дәстүрлі оқу процестеріне тиімді әдіс ретінде видеоматериалдар мен интерактив сабақтар қосылады. Олар оқу процесін көрнекі әрі есте қалатындай етіп өткізуге көмектеседі. Оқушылардың да оқуға ынтасы көбейеді", - деп түсіндірді Ерлан Сағадиев.

Айта кетейік, министр бірыңғай базалық оқулықтардың шығатыны туралы биыл сәуір айында мәлімдеген еді.

Бірыңғай базалық оқулықтар әр пәнге, әр сыныпқа енгізілуі тиіс. "Бір облыстың оқушылары басқа кітаппен, екінші облыстың оқушылары тағы басқа бір кітаппен оқымауы керек. Оқушы бірінші сыныптан бастап бір кітаппен, ал келесі жылы оның інісі бірінші сыныпқа барса, ол мүлде басқа кітаппен оқып жүр. Бізге еліміздегі білім беру деңгейін реттеу үшін бірыңғай базалық оқулықтар қажет", - деген еді Ерлан Сағадиев.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай