25 қаңтар 2024 17:32

BRT, LRT және метро: Тоқаев Алматыдағы жобаларды қолдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Мемлекет басшысына орнықты көлік базасын қалыптастыру жөнінде жүйелі шешім қабылданғаны, оның негізін жоғары жылдамдықты қоғамдық көлік құрайтыны айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Мемлекет басшысына орнықты көлік базасын қалыптастыру жөнінде жүйелі шешім қабылданғаны, оның негізін жоғары жылдамдықты қоғамдық көлік құрайтыны айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Жаңа BRT, LRT және метро желілерін ашу заманауи мегаполистің талаптарына сай келетін қалалық ұтқырлықтың тиімді моделіне көшуге мүмкіндік береді. Осы орайда "Қалқаман" жаңа метро станциясын ашып, метрополитеннің "Барлық" базарына дейінгі үшінші кезегін салу жұмыстарын бастау керек. Сондай-ақ, метроны солтүстік және шығыс бағыттарда дамыту жобаларын жүзеге асыруға кірісу жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, Төле би көшесімен өтетін және Алматының батысы мен шығысын жалғайтын LRT-нің (26 км) бірінші желісін іске қосу көзделген.

"Баяндаманы тыңдаған соң, Қасым-Жомарт Тоқаев қаланың көлік жүйесін дамыту жөніндегі жобаларды қолдайтынын атап өтті. Президенттің айтуынша, бұл жобалардың іске асырылуы Алматының инвестициялық тартымдылығын арттыруға септігін тигізіп, қала тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсартуға ықпал етеді. Осыған байланысты Мемлекет басшысы тиісті құжаттарды тез арада дайындап, жобаларды жүзеге асыруға кірісу керек екенін айтты", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети