28 қыркүйек 2018 13:46

Біртанов еліміздегі менингит жағдайын түсіндірді

© Тұрар Қазанғапов

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов еліміздегі менингит жағдайын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов еліміздегі менингит жағдайын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ауру тарап жатқан жоқ", - деді министр баспасөз мәслихаты кезінде менигиттен болған өлімдер жайлы сұраққа жауап бере отырып.

Реклама
Реклама

"Бұл вирустар Қазақстандағы басқа тұмау, туберкулез сияқты аурулар сияқты. Олардың белгілі бір қаупі болады. Өңірлерде барлық науқасқа мәлімет беріліп жатыр", - деді Біртанов.

Министр менингиттің 2015 жылы таралғанын еске салды. 

"Сірлі менингит бар. Ол түрлі вирустардан пайда болады, күнделікті ондай шамамен 10 дерек тіркеліп жатыр. Олардың барлығы көктем-күз айларында иммунитеттің әлсіреуіне байланысты болып жатыр", - деді ведомство басшысы.

Еске сала кетейік, 27 қыркүйекке қараған түні СҚО-да студент қыздың менингит жұқтырды деген күдікпен қайтыс болғаны хабарланған еді.

Сондай-ақ, осыған дейін Алматы облысында менингитпен ауруханаға түскен оқушылар жайлы айтылған еді. Кейінірек министр Біртанов Алматы облысында менингитпен ауруханаға түскен оқушылардың жағдайына қатысты пікір білдірген болатын.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram