29 мамыр 2020 19:35

Біртанов қазақстандықтарды басқа қалаға шығудан қорғаудың қажеті жоқ екенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Алихан Сариев Сурет: Алихан Сариев

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстан аймақтарындағы коронавирус бойынша көрсеткіш тұрақталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстан аймақтарындағы коронавирус бойынша көрсеткіш тұрақталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Эпидемияға қарсы шаралар, оның ішінде шектеу шаралары сақталады. Ел ішінде қатынауға тыйым салуды алып тастау жалпы алғанда, елімізде өңірлер арасында инфекция таралу деңгейі тұрақталғанын және енді тұрғындарды басқа қалаға барудан қорғаудың қажеті жоқ екенін білдіреді", - деді министр тікелей эфирде.

Ол карантин шараларының жеңілдеуіне қарамастан, қазақстандықтарға эпидемияға қарсы шараларды ұмытпау қажет екенін айтты.

"Алайда, эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтау бойынша талаптар бірінші кезекте өндірісте, жұмыста, қоғамдық орындарда және көлікте қалады. Оларды сақтау өте маңызды", - деді Біртанов.

Бұған дейін Қазақстанда 1 маусымнан бастап өңіраралық блокбекеттер алынатыны хабарланған болатын. Бұл ретте қазақстандықтарға басқа қалаларға өз автокөлігімен жүруге рұқсат етілді.

Алайда, коронавирустың таралу қаупінің сақталмауына байланысты барлық блокбекет алынбауы мүмкін.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети