28 қазан 2022 17:37

Біртанов келтірілген шығынды өтей алмайтынын айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Tengrinews.kz Фото ©Tengrinews.kz

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қылмыстық процестің бір бабы бойынша кінәлі деп тапқан сот шешіміне шағымданбақ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қылмыстық процестің бір бабы бойынша кінәлі деп тапқан сот шешіміне шағымданбақ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен санитарлық авиацияға байланысты шешімге ғана қанағаттандым. Ал екінші шешімге келетін болсақ, әрине, қанағаттанбаймын. Мен өзімді кінәлімін деп санамаймын. Заң бойынша, шағымдануға құқығым бар. Біз міндетті түрде шағымданамыз, сондықтан мәселе әлі шешілген жоқ. Біз өз ісімізді дәлелдеу үшін күресуді тоқтатпаймыз.

Бізге айыптаушы тараптан ешқандай дәлел жоқ. Сондықтан, біз, әрине, Денсаулық сақтау министрлігінің бұл талабын түсінбейміз. Неге Әбішев екеуміз 1,5 миллиард төлеуіміз керек? Бұл ақша хорватиялық компанияның есепшотына түскен. Денсаулық сақтау министрлігі олардың мүдделері бұзылды деп есептесе, онда хорватиялық компанияны сотқа беруі керек деп есептеймін. Шешім даулы болғандықтан, хорватиялық компания да шетте қалмайды деп ойлаймын", - деді Біртанов сот шешімін жариялағаннан кейін.

Біртанов бас бостандығын шектеу мерзіміне дейін Астанада болатынын, қазір медициналық мекемеде менеджер болып жұмыс істейтінін айтты.

"Енді эмоцияға орын жоқ, заңгерлерімізбен ақылдасамыз, бірақ өз тарапымыздан қылмыстың жоқтығын дәлелдеу үшін күресеміз. (...) (Шығындарды өтеу. - Еск.) жоспарлап отырған жоқпын, бұл мүмкін емес. Бұл қомақты сома. Есептеп көріңіз, менің жеке кәсібім жоқ, жалдамалы жұмыс істеймін. Бұл шешім әлі күшіне енген жоқ. Апелляциялық шағым түсіреміз", - деді Біртанов.

Бұрынғы министр Біртановқа қатысты сот үкімі шықты

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети