04 маусым 2020 18:47

Біртанов митинг өткізуге қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Карантин кезеңінде бұқаралық шараларды өткізуге тыйым салынады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Карантин кезеңінде бұқаралық шараларды өткізуге тыйым салынады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Карантин кезеңінде бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынған. Бұл - халық үшін қауіпті. Заң талабын сақтау керек. Пандемия кезінде бас дәрігердің талабын орындау міндетті болып саналады. Бұл талапты орындамағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Мен шараны ұйымдастырушыларға оны кейінге қалдыру керегін айтқым келеді. Бұл халық үшін қауіпті шара болуы ықтимал. Себебі, ауру жұқтыруы мүмкін. Қазіргі таңда біз мұндай митинг ұйымдастыруға қарсымыз. Заңның талабы орындалуы керек", - дейді министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинте.

Сондай-ақ, ол соңғы аптада елімізде ауруды жұқтыру өсімі 25 пайыз болғанын атап өтті.

"Кеше Мемлекет басшысы кезекті рет қазақстандықтарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды. Біз өткен аптада ЖРВИ белгісі бар, симптомсыз науқастардың саны 2,5 есеге артты көрдік. Симптомсыз науқастардың өсімі - 5 пайыз. Індет жұқтырғандармен байланыста болғандарды анықтау 35 пайызға артты. Ауру жұқтырғандармен байланыста болу індетті таратудың негізгі себебі болып саналады. Біз неғұрлым жиі сөйлесетін болсақ, індетті жұқтыру қаупі соғұрлым жоғары болады", - деді Елжан Біртанов.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети