26 мамыр 2023 09:30

Бірыңғай жиынтық төлем төлеп келген қазақстандықтар таңдау жасауы керек - Қаржы министрлігі

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қаржы министрлігі Бірыңғай жиынтық төлем – БЖТ алдағы уақытта жойылатынын растады. Ведомство оны төлеген қазақстандықтар не істеу керек деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қаржы министрлігі Бірыңғай жиынтық төлем – БЖТ алдағы уақытта жойылатынын растады. Ведомство оны төлеген қазақстандықтар не істеу керек деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаржы министрлігі мәліметінше, бірыңғай жиынтық төлем бастапқыда 5 жылға (2019 жылдан 2023 жылға дейін) жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген, табысы жылына 4 миллион теңгеден аспайтын өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үшін уақытша енгізілген.

"Өздеріңіз білетіндей, қазір жеке тұлғалардың кірістері туралы декларацияны кезең-кезеңімен енгізу жүріп жатыр. 2024 жылы кәсіпкерлік қызметпен айналысатын барлық азамат: жеке кәсіпкерлер, директорлар, ЖШС құрылтайшылары кіріс декларациясын тапсыруға міндетті. Сондықтан, бұрын кәсіпкерлік қызметін тіркемеген азаматтар таңдау жасауы керек: кәсіпкер болу немесе қызметкер болу", - деді министрлік Tengrinews.kz сауалына берген жауабында.

Кейіннен бұл азаматтардың табысы салық декларациясында немесе жұмыс берушілерден түскен ақпаратта көрсетілуі тиіс, дейді ведомство өкілдері.

Еске салайық, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда бейресми жұмыспен қамтылған қызметті салық органдарында тіркеудің оңайлатылған тәртібін көздейтін бірыңғай жиынтық төлемнің (БЖТ) жаңа құқықтық режимі енгізілген болатын.

Ол табысы жеке кәсіпкерлердікінен төмен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған. Басқа тұлғаларға қызмет көрсететін жеке тұлғалар ғана ЮЖТ төлей алады. Егер тұлға заңды тұлғаларға қызмет көрсетсе, онда салықты толық төлеуге тура келеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Алматыда қойма өртенді

Валюта бағамы

 451.28   490.7   5.06 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети