17 шілде 2015 | 15:58

Бішкекте өлтірілген содырлар Қазақстан азаматтары болған - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© АКИpress © АКИpress

Бішкекте көздері жойылған содырлар Қазақстан азаматтары болған. Бұл туралы АКИpress агенттігі дереккөздерге сілтеме жасай отырып хабарлады.


Иконка комментария блок соц сети

Бішкекте көздері жойылған содырлар Қазақстан азаматтары болған. Бұл туралы АКИpress агенттігі дереккөздерге сілтеме жасай отырып хабарлады.

Болжам бойынша, өлтірілген содырлар Қазақстан территориясында пайда болып, әрекет еткен лаңкестік ұйымның қатарында болған. Содырлардың өз қатарына Қырғызстан азаматтарын тартуға мүмкіндігі болғаны хабарланып отыр. "Содырлардың арасында біздің азаматтар бар", - деп хабарлады дереккөз.

Алайда Қазақстан СІМ өкілдері Бішкекте көздері жойылған содырлардың азаматтығы жайлы мәліметті растамады. Ведомство өкілдерінің айтуынша, арнайы операция кезінде қазақстандықтар өлтірілді делінген мәлімет тексеріліп жатыр. 

16 шілдеде Бішкекте болған арнайы операция кезінде төрт содырдың көзі жойылды. МҰҚК арнайы бөлімшелерінің төрт қызметкері түрді деңгейдегі дене жарақатын алды, олар Бішкектегі медициналық мекемелерге жеткізілді. Бейбіт тұрғындар зардап шеккен жоқ. Қырғыз астанасының ауданында болған тағы бір арнайы операция кезінде екі содыр өлтірілді.

Өлтірілген содырлармен қатар, ұсталғандары жайлы да ақпарат тарады, алайда МҰҚК олардың қаншау екенін және аты-жөндерін хабарламай отыр. 

Фото: Владимир Воронин/vb.kg

Еске салайық, бірқатар ақпарат құралы арнайы операцияның 2015 жылы колониядан қашып кеткен 24 жастағы қазақстандық Альберт Абхинмен бірге болған тағы бір қазақстандық Жанболот Амировты ұстауға бағытталғанын хабарлады. Айта кетейік, кейін ұстау кезінде Абхин өзін-өзі жарып жіберді. Қырғызстан МҰҚК өкілдері 16 шілдеде Жанболот Амировтың өлтірілгені жайлы мәліметті әлі де растамай отыр.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети