21 қыркүйек 2014 12:03

"БТА Банкі" қаржысын ұрлады деп айыпталған Қазақстанға экстрадицияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Бас прокуратурасы ҚР Бас прокуратурасы

"БТА Банкі" АҚ қаржысын ұрлады деп айыпталған Ерлан Қосаев Ресейден Қазақстанға экстрадицияланды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


"БТА Банкі" АҚ қаржысын ұрлады деп айыпталған Ерлан Қосаев Ресейден Қазақстанға экстрадицияланды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қыркүйектің 21-і күні Бас прокуратураның тапсырмасы бойынша құқық қорғау орган қызметкерлері Қосаевты Ресейден Қазақстанға жеткізіп, Астананың уақытша қамау изоляторына қамауға алды. Қазіргі уақытта осы іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде", - делінген баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы сұрауы бойынша Ресей Федерация Бас прокуратурасы өзгенің мүлкін иеленгенді және өзіне тиесілі емес қаржыны заңдастырғаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 176 б.3 т. "а", "б2, 193 б.3 т. "б", "в" қылмыстық жауапкершілікке тартылған Ерлан Қосаевты беру ісін қанағаттандырды.

Құқық қорғау органдары Қосаевтың 2005-ші жылдан 2008 жылдар аралығында ұйымдасқын топтың құрамында кіріп, "БТА Банкі" АҚ ірі көлемде қаржысын ұрлап, кейін сол қаржыны заңдастырып алғанын анықтаған. Кейін оған халықаралық іздеу жариялаған.

Айыпталушы ресей құқық қорғау органының қызметкерлері Брянскіге қолға түсірген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети