Бүгін елімізде Судьялардың әдеп кодексi қабылданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін елімізде Судьялардың әдеп кодексi қабылданды Сурет баспасөз қызметінен

Бүгін Астанада өтiп жатқан республика судьяларының VII съезінде Судьялардың жаңа әдеп кодексi қабылданды, - деп хабарайды Tengrinews.kz тілшісі үкімет басшысының сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін Астанада өтiп жатқан республика судьяларының VII съезінде Судьялардың жаңа әдеп кодексi қабылданды, - деп хабарайды Tengrinews.kz тілшісі үкімет басшысының сайтына сілтеме жасап. 

"Судьялардың әдеп кодексі қабылданды. Мен Қазақстанның судьялар корпусын осындай маңызды шарамен құттықтаймын. Біздің өмірімізде кәсіби қызмет нормаларын ұстанудың және тұрмыстағы жүріс-тұрыс тәртібіміздің жаңа кезеңі бастау алды", - деп құттықтады ҚР Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мами.

Айта кетейік, жаңа Әдеп кодексі қолданыстағы кодекске сабақтастығын сақтады. Соған қарамастан құрылым құрылымдарында, түсініктер мазмұнында, қағидаларда және баптар секілді көптеген ережелерде жаңашылдық бар.

Судьялардың әдеп кодексінің жобасы судьялар қауымдастығының пікірлері мен ұсыныстары ескеріле отырып және, сәйкесінше, Қазақстан Республикасының Конституциясы, "Сот жүйесі мен судьялар мәртебесі туралы" Конституциялық заң негізінде әзірленген.

Онда халықаралық актілер - Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт, "Судьялар тәртібінің бангалорлық кодексі" және басқа да құжаттар ескерілген.

 Жобада судьяның кәсіби және моральдық бейнесіне қойылатын талаптар да бар. Кодекстің қабылдануы судьялар тәртібінің бірыңғай этикалық стандарттарын бекітуге ықпал етіп, қоғамның сот билігіне деген сенімін арттыра түседі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.89  course up  600.31  course up  6.73  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети