16 наурыз 2022 08:41

Бүгінгі Абай Құнанбаев пен Қасым Аманжоловтар қайда жүр?

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: ТЖМ баспасөз қызметі Сурет: ТЖМ баспасөз қызметі

Елімізде Абай Құнанбаев, Жамбыл Жабаев, Қасым Аманжолов сынды қазақ тарихында орны бөлек тұлғалардың есімін арқалап жүрген қазақстандықтар құтқару саласында еңбек етеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Елімізде Абай Құнанбаев, Жамбыл Жабаев, Қасым Аманжолов сынды қазақ тарихында орны бөлек тұлғалардың есімін арқалап жүрген қазақстандықтар құтқару саласында еңбек етеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мысалы Азаматтық қорғау кіші сержанты Абай Құнанбаев Өскемен қаласының № 6 өрт сөндіру бөлімінде жұмыс істейді. 23 жастағы жігіт құтқарушылар қатарында 1,5 жылдан бері қызмет етіп келеді.

"Қызметінен бос уақытында белсенді түрде спортпен шұғылданады және Абай Құнанбаевтың музыкалық шығармаларын шырқайды. Жыл сайын музыкалық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Қысқа қызмет мерзімі ішінде Абай қарауылмен бірге, газ-түтіннен қорғау қызметінің буыны құрамында бірнеше рет өрт сөндіруге қатысып, 20 шақты тұрғынды эвакуациялауға атсалысты.

Біз үнемі өртсөндірушілер мен құтқарушылардың жұмысының ауыр екенін сөзге тиек етеміз, бірақ көпшілік 2,5 тоннадан 8 тоннаға дейін өрт сөндіру техникасын жүргізетін, өрт сөндіру есептобын оқиға орнына жедел жеткізетін жүргізушінің жұмысының да қаншалықты қиын екенін біле бермейді", - дейді ТЖМ өкілі.

Батыс Қазақстан облысында да қазақтың ақыны Қасым Аманжоловпен аттас азаматтық қорғау аға сержанты № 5 өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі болып қызмет етеді. Ол 1995 жылы дүниеге келген. Азаматтық қорғау органдарында 2016 жылдан бастап қызмет атқарады.

"Қасым білікті маман ретінде осындай арнайы техниканы жүргізіп қана қоймай, әріптестерімен бірге адам өмірін құтқаруға өз үлесін қосып жүр", - дейді ведомстводағылар.

Қызылорда қаласы №6 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші - қызметкері азаматтық қорғау старшинасы Асанәлі Әшімұлы да елімізге танымал мәдениет қайраткерінің есімін арқалайды. Ол азаматтық қорғау органдарында қызметін 2004 жылы өртсөндіруші ретінде бастаған.

Батыс Қазақстан облысының тағы бір тумасы Махамбет Өтемісов 1960 жылы дүниеге келген, ТЖМ жүйесінде 2005 жылдан бері еңбек етіп келеді. Білімі бойынша экономист, бүгінде қаржы және мемлекеттік сатып алу басқармасының бастығы болып жұмыс істейді.

Азаматтық қорғау органдарында қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров есімді қызметкер мен курсант бар.

Азаматтық қорғау капитаны Орал қаласы төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері Тоқтар Әубәкіров 1994 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Ол ТЖМ Көкшетау техникалық институтын аяқтап, 2017 жылы Ресей Федерациясы ТЖМ Мемлекеттік өртке қарсы қызмет академиясын "Өрт қауіпсіздігі" мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаматтық қорғау саласында 9 жылға жуық қымет етіп келеді.

Тағы бір Тоқтар Әубәкіров ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының 1-курс курсанты, бүгінде "Өрт қауіпсіздігі" мамандығы бойынша білім алып жатыр. Алматының тумасы бала кезінен азаматтық қоғау органдарында қызмет етуді армандағаны хабарланды.

"Мектеп жасынан бокс, жеңіл атлетика, баскетболмен айналысқан. Түрлі спорттық жарыстардың жүлдегері болып табылады", - дейді ведомство өкілдері.

Подполковник Жамбыл Жабаев азаматтық қорғау органдарында 17 жыл бойы қызмет етіп келеді. Көкшетау техникалық институтының түлегі, РФ АҚ, ТЖ және дүлей зілзалалардың салдарын жою істері жөніндегі министрлігі Азаматтық қорғау академиясының тыңдаушысы. Қазіргі уақытта Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің халықты және аумақтарды қорғау басқармасының бастығы болып жұмыс істейді. Азаматтық қорғаныс және халықты оқыту іс-шараларын жоспарлауға қатысқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети