1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Бүгіннен бастап Алматы облысында карантин режимі күшейтіледі

Фото: REUTERS Фото: REUTERS

8 сәуірден бастап Алматы облысында карантин режимі күшейтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкімдіктің мәліметінше, облыс аумағында коронавирустың таралуының алдын алу үшін шектеу шараларын күшейту туралы шешім қабылданды.

Алматы облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Қайрат Баймұхамбетовтың қаулысы бойынша: 

1. Қазақстан Республикасындағы Төтенше жағдай мерзімі аяқталғанға дейін Алматы облысының аумағында шектеу шараларын жалғастыру. Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуы бойынша жағдайдың өзгеруіне сәйкес өзгертілуі мүмкін;

2. Алматы облысы аумағының периметрі бойынша шектеу аймағының шекаралары белгіленсін.

3.  Алматы облысының аудан, қала әкімдері, полиция департаменті және басқа да мүдделі қызметтері қамтамасыз ету қажет:

1)басқа облыстармен шектесетін облыс аумағының периметрі бойынша полиция қызметкерлері (әскери, әскери міндеттілер және басқалар), медицина қызметкерлері, көлікті дезинфекциялық өңдеу үшін мамандар қатарынан бекеттер орната отырып, байланыссыз термометрия жүргізу және бекеттерге келуші тұлғаларға сауалнама жүргізуді. Қажет болған жағдайда әскерилендірілген мобильді бекеттер орнатуға жол беріледі;

2) қалған аудандар мен қалаларға көлікті дезинфекциялаумен кіру және шығу орындарында бекеттер ұйымдастыруды;

3) постарда іске қосылған қызметтерді жеке гигиенаны сақтау үшін қажетті жағдайлармен, жеке қорғаныс құралдарымен (бір реттік бетперде, қолғаптар, қорғаныс көзілдіріктері және/немесе экрандары) және азық-түліктермен қамтамасыз ету;

4) жүк және транзиттік тасымалдау үшін жүктердің кез келген түрін, құрылыс, жол-құрылыс арнайы техникасын, ауыл шаруашылығы техникасы мен медициналық техниканы қоса алғанда, растайтын құжаттардың көрсетілуімен, жасыл дәліз бойынша жүруді. Көлік құралдары жүктелген немесе бос болуы мүмкін. Бір көлік бірлігінде жүргізушіні қоса алғанда, 2 адамнан артық болмауы тиіс.

5)  жеке көлік, басқа көліктер мен адамдардың Алматы облысының аумағы бойынша, оның ішінде облыстың аудандары мен қалалары арасында және Қазақстан Республикасының карантиндік аймақтарынан келесілерді қоспағанда өтуін шектеуді:

-  бұрын Қазақстан Республикасының аумағына келген шет мемлекеттердің азаматтары Алматы облысынан шығуы немесе облыс арқылы транзиттік өтуін Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы Қаулыларының талаптарына сәйкес;

- медициналық ұйымдарға, жақын орналасқан дүкендерге және дәріханаларға баратын тұлғалар;

- бірінші қажеттілік тауарларды, тамақ өнімдерін, дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды, қорғау және гигиена құралдарын, жанар-жағар май материалдарын, көлік құралдарының қосалқы бөлшектерін, өндірістік жабдықтарды және т. б. жеткізумен айналысатын тұлғалар мен көліктер қызметтерін;

- коммуналдық, авариялық қызметтердің (электрмен, газбен, сумен және жылумен жабдықтау), қоқыс жинау, байланыс және коммуникациялар, сондай-ақ коммуникация желілерін басқару және телеком операторларды техникалық қолдау, жүктерді (авиа -, теміржол және автокөлік) тасымалдау жөніндегі ұйымдардың және өңірдің тыныс - тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті мамандандырылған көліктердің жұмыс орнынан анықтамасы болған жағдайдағы қызметкерлері мен көлігін;

- шектеу шаралары кезеңінде жұмыс істейтін қызметкерлерді тасымалдайтын ұйымардың көліктері мен тұлғаларын, оның ішінде жеңіл көлікте 3 адамнан аспайтын және автобустарда жолаушыларды жеке отырғызумен қатар салонның толымдылығы 40%-дан аспайтындай болуы тиіс (жолаушылардың арақашықтығы 1 метрден кем емес);

-  жұмыс орнынан анықтама немесе қызметтік куәлігі болған кезде меншік нысанына қарамастан медициналық ұйымдардың, әскери қызметшілердің, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, сондай-ақ олардың ведомстволық бағыныстағы мекемелерінің, ветеринарлық, дезинфекциялық және обаға қарсы қызметтері, коронавирустық инфекцияны (COVID-19) диагностикалау жөніндегі зертханалары және шектеу шараларын жүргізуге тартылған басқа да ұйымдардың қызметкерлерін;

- редакциялық тапсырмасы болған жағдайда, ресми бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін;

- мемлекеттік объектілердің құрылысына тартылған қажетті мамандары және жол, құрылыс ұйымдарының қызметкерлерін;

- мамандандырылған инкассаторлық қызметтердің тұлғалары мен көлігін (тиісті белгілері мен рұқсат беру құжаттары болған жағдайда);

- Қазақстан Республикасының басқа аймақтарынан немесе шет мемлекеттерден қайтып келе жатқан Алматы облысы тұрғындарын, ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қолданыстағы қаулыларының талаптарын сақтай отырып, одан әрі қозғалысына тыйым салынады;

-  еріп жүретін адамдардың ең көп саны он адамнан аспайтын жерлеу рәсімдерінің автокөліктері;

- медициналық көрсетілімдер бойынша екі адамнан артық емес адам еріп жүргенде мынадай құжаттар болған жағдайда:

- диагнозды және емдеудің шұғылдығын растау үшін аумақтық амбулаториялық-емханалық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген 035-1/е нысанға сәйкес қорытындысы;

- бірінші басшы қол қойған және гербті мөрмен расталған диагнозы көрсетілген және шұғылдығын растайтын карантиндік аймақта орналасқан медициналық ұйымнан шақыру хаты.

6) адамдарды тасымалдауды жүзеге асыратын азаматтық әуежайлардың, аудандық, қалалық автовокзалдардың, автостанциялардың қызметін тоқтата тұру, қалааралық, ауданаралық автобус қатынастарына, сондай-ақ таксидің ресми қызметтерін қоспағанда, жеке тасымалдауға тыйым салуды, ал әскери әуежайларға жолаушылар борттарын қабылдамауды;

7) азық-түлік емес мақсаттағы сауда объектілерінің, бизнес орталықтарының, интернет және компьютерлік клубтардың, ойын орындарының, азық-түлік базарлардың (ет павильондарынан басқа) және азық-түлік емес базарларының жұмысын тоқтату, жәрмеңкелер мен көше саудасына тыйым салуды;

8)  меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметін тоқтата тұруды;

9)   полиция бекетін орната отырып, халықтың жаппай жиналатын орындарына (саябақтар, скверлер, жағалаулар, спорт алаңдары, үй жанындағы балалар алаңдары) баруға тыйым салуды;

10)  діни мақсаттағы объектілерді (мешіттер, шіркеулер, бірлестіктер және т. б.) тоқтата тұруды;

11)  азық-түлік дүкендері мен дәріханалардың санитарлық-дезинфекциялық режимін күшейте отырып, әдеттегі режимдегі жұмысын;

12)  нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерді тек буып-түйілген түрде сатуды

13)  65 жастан асқан азаматтардың көшелерде жүріп-тұруын шектеу, оларға азық-түлік және дәрі-дәрмек жеткізуді. Жеткізу қызметі болмаған жағдайда бірінші кезектегі қажетті тауарларға, дәрі-дәрмектерге және зейнетақы төлемдеріне баруға рұқсат етіледі;

14)       кәмелетке толмағандардың ересектердің қарауынсыз өз бетінше жүріп-тұруына тыйым салуды;

15)  бір отбасынан басқа, топтармен 3 адамнан артық қоғамдық орындарда болуына тыйым салуды;

16)  қонақтарды үй жағдайында шақыра отырып, отбасылық іс-шаралардың жүргізілуіне тыйым салуды;

17)  жерлеу іс-шараларын отыз адамнан аспайтындай, кемінде екі метр қашықтықты сақтай отырып, өткізуді;

18)  адамдар көп жиналатын жерлерде, қоғамдық көлікте бетпердесіз жүруге тыйым салуды

4. Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасына (Ысқақ Б.) қамтамасыз ету:

1)    медициналық қызметкерлердің коронавирустық инфекцияға күдікті және науқастармен биологиялық қорғаудың жоғары дәрежелі костюмдеріндегі жұмысын, қалған жағдайларда, оның ішінде посттарда, бетперделерді, бір рет қолданылатын қолғаптарды, қорғаныш көзілдіріктерін (экрандарды), халаттарды міндетті түрде пайдалануын;

2)     медициналық қызметкерлерді күнделікті дезинфекциялық өңдеуден өткізілген арнайы бөлінген автокөлікпен тасымалдауды ұйымдастыруды;

3) инфекциялық және провизорлық стационарлардың медициналық қызметкерлерінің қоныстануы үшін жағдайларды;

4) корноновирус жұқпасының клиникалық белгілері бар адамдарды оқшаулау және ерте айқындау мақсатында «Д» есепте тұратындарға, жүкті және егде жастағы адамдарға күнделікті телефон шалуды;

5)  пневмония, ЖРВИ, катаральды көріністері және дене қызуы бар пациенттерді емханалардың негізгі кіре берістері мен стационардың қабылдау бөлімі арқылы өткізбей, көшеге қарай жеке кіру/шығу есіктері бар сүзгі арқылы сұрыптауды;       

6)  стационарлар мен емханаларда жоспарлы қабылдауды шектеуді;

7) тиісті контингенттерді экспресс-тестілеу жұмысын ұйымдастыруды.

4.1 Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы мен облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы КВИ ауруын (жөтел, тұмаурату, дәм сезімінің жоғалуы, ентігу, жоғары температура, диарея) жоққа шығармайтын клиникасы бар науқастарды жақын арадағы провизорлық стационарға жеткізуді қамтамасыз етсін.

5. Келесі объектілердің жұмысын тоқтата тұруды:

- жұмысы әдеттегі режимде жалғастырылған азық-түлік бөлімдерін, дәріханаларды қоспағанда, ірі сауда объектілері, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, отбасылық демалыс орталықтары, әмбебап және азық-түлік емес базарлары, оның ішінде осы объектілердің ғимаратында орналасқан банктердің есеп айырысу-кассалық бөлімшелері және басқа объектілері;

- айырбастау пункттері, банктерде орналасқандарды қоспағанда;

-  шектеу іс-шараларына қатысатын тұлғаларды және карантинге оқшауланған тұлғаларды орналастыруға тартылған объектілерден басқа қонақ үйлер, хостелдер;

-  Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қолданыстағы Қаулыларына сәйкес онлайн-тапсырыстарды ұйымдастыруды және жеткізуді қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері (мейрамханалар, кофеханалар, дәмханалар, банкет залдары, асханалар, донер, барлар);

-  түнгі клубтар, барлар, кальян барлары;

- білім беру орталықтары, үйірмелер, артклубтар, балалардың бос уақытын өткізу орындары және т. б.;

-  ойын-сауық объектілері (интернет-клубтар, букмекерлік, бильярд, караоке, PS-клубтар, квест, антикафе, боулинг-орталықтар және т. б.);

- барлық меншік нысанындағы спорт объектілері (фитнес -, йога, бассейндер, тирлер, атыс орындары және т. б.);

-  қызмет көрсету саласы объектілері (шаштараз, сұлулық салоны, СПА, массаж орталықтары, қоғамдық моншалар, сауналар және т. б.).

5.1 Келесі объектілер қызметін уақытша тоқтата тұруға жатпайды:

-  меншік нысанына қарамастан медициналық ұйымдар, оның ішінде стоматологиялық ұйымдар;

-  өнеркәсіптік, өндірістік кәсіпорындар және тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілері (жылу, энергия, сумен жабдықтау, тамақтану және т. б.);

- көктемгі егіс, ауыл шаруашылығы, құрылыс және жол жұмыстарын жүргізуге байланысты;

- дәріханалар, оның ішінде ветеринарлық және азық-түлік дүкендері, олардың жұмысы әдеттегі режимде жалғасуы мүмкін;

- көлік құралдарының қосалқы бөлшектерінің сатылуы, тауарларды босату тек алдын ала тапсырыс бойынша, дүкенге тікелей бармай, тапсырыс берілген тауарларды сатып алушылар келген соң бере отырып, жүргізілетін жағдайда;

- тұқымдардың, көшеттердің, минералдық тыңайтқыштардың сатылуы, тауарларды босату тек алдын ала тапсырыс бойынша, дүкенге тікелей бармай, тапсырыс берілген тауарларды сатып алушылар келген кезде бере отырып, жүргізілетін жағдайда;

- ресми такси қызметі. Ол үшін көлік тиісті белгілермен (таксиге арналған дойбы) жабдықталуы және жүргізушінің жеке басы туралы ақпаратты жолаушыға көрнекті орында (жүргізушінің паспорттық деректері, кәсіпорынның деректері, телефон нөмірі, атауы, автомашинаның нөмірі) ұсынуы тиіс.  Бір отбасы мүшелерін қоспағанда, жеңіл көліктің толтырылуы үш адамнан (жүргізушіні қоса алғанда) аспауы тиіс. Санитарлық-гигиеналық шараларды сақтау талаптарын күшейту. Жүргізушілер адамдарды әрбір тасымалдағаннан кейін есік тұтқаларын және салонның ішінде дезинфекциялық құралдарды пайдаланып ылғалды тазалау жұмыстарын жүргізуге міндетті, әрбір 3 сағат сайын ауыстырудың кезеңділігін ескере отырып, жеке қорғаныш құралдарын (қорғаныш бетперделері, қолғаптар), сондай-ақ қолды өңдеуге арналған антисептиктерді пайдалануы тиіс;

- елді мекен ішіндегі қоғамдық көлік. Қалалық және аудандық автобустардың толымдылығы отырғызу орындарының 40% - нан аспауы тиіс. Қоғамдық көлікте қорғаныш маскасыз жүруге тыйым салынады. Дезинфекциялау және жуу құралдарын қолдана отырып әрбір рейстен кейін автобустарды, қоғамдық көлік аялдамаларын өңдеу (күніне кемінде екі рет).

- уақытша сақтау қоймалары, олардың жұмысын қамтамасыз ететін тұлғалар мен ұйымдары;

- санитарлық-дезинфекциялық шараларды күшейте отырып және келушілер арасындағы қашықтықты кемінде 1 метр сақтай отырып, әдеттегі режимде жеке орналасқан пошта байланысы объектілері және екінші деңгейдегі банктер;

- құрылыс материалдарының көтерме сауда объектілері тауарларды босату тек алдын ала тапсырыс бойынша, дүкенге тікелей бармай, тапсырыс берілген тауарларды сатып алушылар келген кезде бере отырып, жүргізілетін жағдайда;

-  автожанармай құю станциялары (ЖҚС);

-  санитариялық-дезинфекциялық режимді күшейте отырып, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар, ал сауда үйлерінде (орталықтары) орналасқан жағдайда жеке кіруді ұйымдастыру қажет (жұмыс уақытын шектеу сағат 09-00-ден 14-00-ге дейін);

- жеке орналасқан техникалық қызмет көрсету станциялары;

- салттық қызмет көрсету нысандары, зират.

5.2 Шектеу шаралары кезінде жұмыс істейтін объектілерге келесі санитариялық және дезинфекциялық режимді сақтау қажет:

- кіру және шығу кезінде қолды өңдеуге арналған санитайзерлерді орнату;

-  барлық қызметкерге бір рет қолданылатын бетперделер мен қолғаптарды пайдалану;

-  үстелдердің, сөрелердің, орындықтардың, баспалдақтардың, тұтқалардың, есіктердің барлық беттерін және едендерді дезинфекциялық құралдармен қолдану нұсқаулығына сәйкес күніне кемінде 3 рет өңдеу;

- келушілердің бетпердесіз болуына жол бермеу;

- келушілердің әлеуметтік қашықтығын кемінде 2 метр сақтауды қамтамасыз ету.

 6. Осы қаулының 5.1-тармағында көрсетілген облыстың тыныс тіршілігін қамтамасыз ету объектілері, стратегиялық және өндірістік өнеркәсіп объектілері, субъектілері қамтамасыз етуі қажет:

1)    әрбір рейстен кейін күнделікті дезинфекциялық өңдеп, қызметкерлерді бөлінген автокөлікпен жеткізуді ұйымдастыруды;

2)    дезинфекциялық құралдарды қолдана отырып, объектіге кіреберісте дезинфекциялық тосқауылдар (кілемшелер) орнатуды;

3)    барлық өндірістік үй-жайларда қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнатуды;

4)    әрбір ауысым алдында, объектінінің өткізу пунктінде температураны өлшеуді бақылау журналына тіркей отырып жүргізуді;

5)    вирустық инфекцияға (жөтел, тұмаурату, дәм сезімінің жоғалуы, ентігу, жоғары температура, диарея) күдікті адамдар анықталған кезде 103 шақыруды;

6)    дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күніне кемінде 3 рет үй-жайларды ылғалды жинау мен желдетуді жүргізуді;

7)    кәсіпорындардың тамақтану пункттерінде келесі іс-шараларды сақтау:

- өзіне-өзі қызмет көрсетуге тыйым салу;

- персоналдың жұмыс кезінде бір рет қолданылатын қолғаптар мен бетперделердің пайдалануын қамтамасыз ету (бетпердені ауыстыру 3 сағатта кемінде1 рет);

- жіті респираторлық жұқпалардың белгілері (жоғары температура, жөтел, тұмаурату және т. б.) бар қызметкерлерді жұмысқа жібермеу.

7. Қоғамдық тамақтану саласындағы кәсіпкерлік субъектілеріне (объектілерге):

1) тұтынушыға дейін тауарды бір реттік орамда (тағамдарды, сусындарды және басқаларды) жеткізу арқылы ғана қызметті жүзеге асыруға;

2)  персоналдың жұмыс кезінде бір рет қолданылатын қолғаптар мен бетперделердің пайдалануын қамтамасыз ету (3 сағатта кемінде 1 рет бетперделерді ауыстыру);

3)  жіті респираторлық жұқпалардың белгілері (жоғары температура, жөтел, тұмаурату және т. б.) бар қызметкерлерді жұмысқа жібермеу;

4)  кіру және шығу кезінде қолды өңдеуге арналған санитайзерлерді орнату;

5)  әрбір 3 сағат сайын және жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейін есіктердің тұтқаларын, үстелдерді, орындықтардың арқаларын, эскалаторлардың тұтқаларын, баспалдақтарды, едендерді дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, үй-жайларды ылғалды жинау және желдету, дәретханаларды, оның ішінде аулалардағы дәретханаларда күшейтілген дезинфекциялық жинауды қамтамасыз ету.

8.  Полиция департаментіне және аудандық, қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармаларына қамтамасыз ету:

1) жоғарыда көрсетілген талаптардың бұзылуы немесе орындалмауы анықталған жағдайда төтенше жағдай кезінде ҚР заңнамасына сәйкес дереу шаралар қолдануды;

2) санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің ұсынуы бойынша COVID-19 науқастарымен байланыста болған және басқа өңірлерден келгендерді іздеуді;

3) қоғамдық тәртіпті бұзуға жол бермей, провизорлық, карантиндік стационарларды және үй карантиніндегі адамдарды күзету;

9. Облыстың ішкі саясат басқармасы және бұқаралық ақпарат құралдары:

1) үй жағдайында COVID-19-дан туындаған коронавирустық инфекцияны жұқтырудың алдын алуға, жеке алдын алу шараларына және ауру жағдайында мінез-құлық тактикасына баса назар аудара отырып, түсіндіру-ағарту жұмыстарын күшейту;

2) халық үшін ресми көздерден шынайы ақпаратты орналастыруға (coronavirus2020.kz, anti-corona.kz және Үкіметтің, Денсаулық сақтау Министрлігінің, әкімдіктердің ресми сайттары).

10. Облыстың төтенше жағдайлар Департаментіне, облыстың полиция департаментіне, жергілікті полиция қызметіне:

1) үй жағдайында COVID-19-дан туындаған коронавирустық инфекцияны жұқтырудың алдын алуға, жеке алдын алу шараларына және ауырған жағдайында мінез-құлық тактикасына баса назар аудара отырып, елді мекенде дауыс ұлғайтқыш байланысы бар автокөлікпен жылжу арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

11. Осы қаулы барлық мүдделі органдардың, ведомстволардың назарына жеткізілсін, халықты БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етсін.

12. Қаулы барлық жеке және заңды тұлғалардың, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан кәсіпкерлік субъектілерінің орындауы үшін міндетті.

13. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

14. Осы қаулы күшіне енген сәттен бастап Алматы облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 30.03.2020 жылғы «Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Жарлығына сәйкес Алматы облысының аумағында шектеу шараларын күшейту туралы» №4 Қаулысының күші жойылды деп танылсын.

15. Осы қаулы 2020 жылғы 8 сәуірдің 08-00 сағаттан бастап күшіне енеді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!