Букмекер кеңселерінің тұрғын үйлерде орналасуына тыйым салынуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Букмекер кеңселерінің тұрғын үйлерде орналасуына тыйым салынуы мүмкін ©Тengrinews.kz

Парламент Мәжілісі ойын бизнесі туралы заңнамаға түзетулер енгізу жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Парламент Мәжілісі ойын бизнесі туралы заңнамаға түзетулер енгізу жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Төменгі палатаның эконмикалық реформа және өңірлік даму жөніндегі комитетінің қорытындысына сәйкес, заң жобасы ойын мекемелерін, тотализатор кассаларын немесе букмекерлік кеңселерді тұрғын үй ғимараттарының адам тұрмайтын бөлмелеріне орналастыруға тыйым салуды қарастырады. Сонымен бірге, ойын жабдықтарын сақтау тәртібі регламенттелетін болады.

"Сайлаушылармен кездесу барысында тұрғын үйлерде орналасқан букмекер кеңселері мәселесі бірнеше мәрте көтерілді. Иә, шынымен де, бүгінде букмекерлік кеңселер көбіне тұрғын үй алаптарында орналасқан, өкінішке қарай, бұл кеңселер қызметінің негізгі тұтынушылары - жастар. Соған байланысты мен ойын мекемелерін тұрғын үйлерден оқшаулау нормасын толық қолдаймын", - деді депутат Майра Айсина. 

"Заң жобасының негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасының ойын бизнесі және ойын бизнесі туралы заңнама нормаларын айналып өтуге мүмкіндік беретін олқылықтарды жою саласындағы нормаларды жетілдіру, сонымен бірге, интернет-казино қызметіне, соның ішінде, Қазақстан аумағындағы шетелдік казиноларға тыйым салу, ойын бизнесі саласында лицензия алуға тапсырыс берушілер үшін талапты күшейту", - делінген қорытындыда.

Заң жобасы әрбір ойын мекемесіне салынатын салық мөлшерін ұлғайтуды да қарастырады. Сонымен бірге, заң жобасы спорттан басқа шараларға бәс тігуге де тыйым салады. Түзетулер Азаматтық іс жүргізу кодексінде интернет-казино қызметін заңсыз деп тану механизмін бекітуді ұсынып отыр. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети