Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Спорттан басқаға ақшалай бәс тігуге тыйым салынбақшы

04 Наурыз 2014, 18:04
0
Николай Ескендіров. ©Тengrinews.kz
Николай Ескендіров. ©Тengrinews.kz
Қазақстанда спорттық емес шараларға бәс тігуге тыйым салынуы мүмкін деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұған букмекерлік кеңсе өкілдері наразы.

"Заң жобасы шеңберінде нағыз спорт оқиғаларынан басқа шараларға бәс тігуге тыйым салынады. Бұл жерде қисынмен қарау керек, заңның бұл редакциясы букмекердің құқығын жақсы белгілейді, букмекер бәс, ұтыс тігуге болатын шараларды өзі анықтайды делінген", - дейді Қазақстанның Букмекерлер мен тотализаторлар қауымдастығының президенті Николай Ескендіров ойын бизнесі мәселелері жөніндегі заң жобасының таныстырылымы кезінде.

Ол букмекерлік тарақандар жарысы негізінде туғанын еске салды. "Бүгінде әлемде спорттық шараларға ғана емес, саяси-әлеуметтік өмірдегі оқиғаларға да ұтыс қойылады. "Оскар" сыйлығы өткенде кең ауқымда бәс тігілді", - деді Ескендіров.

Қауымдастық президентінің айтуынша, қазақстандық букмекерлерге спорттық емес шараларға ұтыс ойнатуға тыйым салынса, адамдар бәрібір бәс тігіседі, бірақ шетелдік букмекерлік кеңселерге баратын болады.

Ескендіров заңның тотализаторлар мен букмекерлік кеңселерге салықты арттыратын тұстары туралы да түсінік берді. "Бизнеске жасалған шектеулер мен күрделендірулердің кері эффект беретіні сөзсіз: бизнес көлеңкеге ауысады немесе сондай ауырлықтың салдарынан кенже қала бастайды. Егер біз дамуды тоқтатсақ, әрине, біз ойыншыларымызға шетелдіктермен ойнауға мүмкіндік береміз. Мұндай түзетулер шетелдк бизнестің пайдасына шешіледі", - дейді қауымдастық басшысы.

Оның дәйегінше, 2013 жылы букмекерлер 1,5 млрд теңге салық төлеген, бұл бизнестің айналымы жылына 30 млрд теңгені құрады, букмекерлердің табысы - 10%. "Егер заң жобасында қарастырылғандай салық екі есе көбейсе, букмекерлердің бар табысы салыққа кетеді", - дейді Ескендіров.



Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай