31 желтоқсан 2017 15:37

"Бұл бір керемет бес жыл болды". Ұлыбритания елшісі қазақстандықтарды Жаңа жылмен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлыбритания елшісі Кэролин Браун Қазақстандағы қызметін аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ол елшіліктің Facebook желісіндегі ресми парақшасында видеоүндеу жолдап, Қазақстанда өткен бес жылда алған әсерімен бөлісті.


Ұлыбритания елшісі Кэролин Браун Қазақстандағы қызметін аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ол елшіліктің Facebook желісіндегі ресми парақшасында видеоүндеу жолдап, Қазақстанда өткен бес жылда алған әсерімен бөлісті.

"Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі ретінде жүргізген видеоблогымның бұл екіншісі. Бұл үндеу Қазақстанға қатысты менің жеке естеліктеріме арналады. Бұл бір тамаша өткен бес жыл болды. Сіздердің байтақ әрі сан алуан елдеріңіздегі адамдар мен ғажайып жерлер есімде қалды. Мысалы, "Алтынемел" Ұлттық саябағының қақ ортасында, түнде отырып, "Бесшатыр" қорғандарының көлеңкесіне құлаған жұлдыздарды бақылап отырғаным әлі есімде. Немесе Қарақалпақстанға пойызбен Атырау арқылы сапар шеккенім есімнен кетпейді. Үстірт шоқысының ортасында қар құрсауында, байланыссыз қалғанымыз. Бұл өте көңілді жайт болды", - деді Браун.

Сонымен қатар, елші Крещение кезінде мұзды суға қалай түскенін еске алды.

"Орыстардың православиелік Крещениесі және менің мұзды суға үш мәрте батқаным. Құдайым-ай, мен мұны ешқашан қайталамаймын. Әрине, сондай-ақ, жылда бүркітшілермен бірге атқа мініп серуендеу зор рахатқа бөлейтін. Бірінші ретте мен құлап түстім, суықта алты сағаттан кейін ертоқымға жабысып қалғандай болдым және келесі жолы жылы киінейін деп шештім. Бұл өте керемет тәжірибе болды. Келесі елшіге бұл жердің ұнайтынына сенімдімін. Қазақстандағы барша жұртқа тамаша Жаңа жыл тілеймін!", - деп құттықтады ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети