07 сәуір 2019 14:11

Бұл жеткіліксіз - Тоқаев халықты жаппай медициналық қызметпен қамтамасыз ету жайлы

© Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халықты жаппай медициналық қызметпен қамтамасыз ету жайлы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халықты жаппай медициналық қызметпен қамтамасыз ету жайлы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Бүгін Дүниежүзілік денсаулық күні. Биыл бұл күн халықты жаппай денсаулық сақтау қызметімен қамту тақырыбына арналып отыр. Қазақстанда денсаулық сақтау саласына республикалық бюджеттен 1 триллион 180 миллиард теңге бөлінген. Көп шара атқарылып жатыр, оның ішінде, ТМККК аясындағы жұмыстар да бар.

Реклама
Реклама

Дегенмен, бұл жеткіліксіз. Әлі күнге дейін аймақтарда қарапайым медициналық қызмет алуда қиыншылықтар бар. Бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыра беру керек. Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселесі менің жіті бақылауымда", - деп жазды Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram