23 маусым 2016 12:28

Бұл жыл біз үшін оңай болған жоқ - Қасымов

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада ҚР ішкі істер министрлігінде полицейлер күні атап өтілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанада ҚР ішкі істер министрлігінде полицейлер күні атап өтілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Салтанатты іс-шара тәуелсіздік жылдары қаза тапқан қазақстандық полицейлерге қойылған ескерткіштің алдына гүл шоқтарын қоюдан басталды. Сонымен қатар, ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов ІІД-нің жоғары оқу орындарының 13 үздік түлегіне лейтенант иық белгілерін тапсырды. Ведомство басшысының айтуынша, 2016 жыл полицейлер үшін оңайға соққан жоқ.

"Бұл жыл біз үшін оңай болған жоқ. Ішкі істер министрлігі айналысатын барлық тапсырма орындалып жатыр. Қылмыстың саны азайды. Бірақ қоғамдық тәртіп сақшыларын оқыту жөнінде мәселелер бар. Комитетте қылмыстық-түзету жүйесінің жақсарғанын да айтып өткім келеді. Қандай қиындықтар болса да, төтенше жағдайлармен күресуде жетістіктер бар", - деді Қасымов.

Сонымен қатар, министр құқық қорғау органдарының барлық қызметкерін кәсіби мерекесімен құттықтап, денсаулық пен амандық тіледі. Айта кетейік, іс-шараға келген қонақтардың ішінде министрлік басшылығы, ішкі істер органдарының зейнеткерлері, шақырылған қонақтар мен түлектердің ата-аналары болды.


 Тengrinews.kz

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети