28 наурыз 2021 19:52

"Бұл үшінші толқын деп ойлаймын" - Сағынтаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бақытжан Сағынтаев. © Алматы әкімі баспасөз қызметі Бақытжан Сағынтаев. © Алматы әкімі баспасөз қызметі

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев коронавирустың үшінші толқыны туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев коронавирустың үшінші толқыны туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала әкімі "Алматы" телеарнасындағы онлайн-трансляцияда қалада ауру жұқтыру статистикасы коронавирустың үшінші толқыны дегенді білдіре ме деген сұраққа жауап берді.

"Бұл үшінші толқын деп ойлаймын. Былтырғыға қарағанда, тәулігіне 250-270 адамнан ауру анықталған еді. Бүгінде 510, кеше 450 болған. Сөзсіз, жұқтыру жағдайы бар, бірақ ол біздің қаламызда анықталған жаңа штамдарға байланысты. Қала ашық, ел ашық. Халық іссапарға барады, шаруасымен жүреді, бізге де келіп жатыр", - деді Сағынтаев.

"Сондықтан, бұған дайындалуымыз керек, жағдай күрделі екенін бәріміз жақсы түсінуіміз керек. Сақтанудың барлық шарасын ұстануымыз керек", - деді әкім.

"Кейінгі кезде жұрт маска тақпай жүргенін байқап жүрміз. (...) Шаршау бар сияқты, таза ауада демалғысы келеді, бірақ болмайды. Бұл вирус бізден тез арада кетіп қалмайды. Біз бұл ауру көп уақытқа қалатынын әрдайым айтып келеміз. Бұл дәрі ішіп, ертең айығып шыға салатын ауру емес", - дейді Сағынтаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети