13 қаңтар 2022 13:42

"Бүлік туралы видеосы бар телефон үшін". Алматылық полицейлер бопсалады деп айыпталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда полицейлер бопсалады деп айыпталды. Бұл туралы Facebook қолданушысы Ербол Ізбасаров мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда полицейлер бопсалады деп айыпталды. Бұл туралы Facebook қолданушысы Ербол Ізбасаров мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жазба авторының айтуынша, оқиға 10 қаңтарда, Жалпыұлттық аза тұту күні болған. Сол күні кешке оның 19 жастағы танысы Аudi А6 көлігімен қаланы аралап, бензин іздеген. Сағат 20.40-та оны полиция тоқтатқан.

"Олар құжаттарды тексеріп, көлікті тінтіп, телефонын көрсетуді сұраған. Ал телефонда 4-5-6 қаңтардағы оқиғалар туралы Интернетте көпшілікке қолжетімді видеолар болған. Осыдан кейін автомат ұстаған жеті адам одан 20 минуттай жауап алып, уақытты созған. Олар оны қамауға алып, полиция бөлімшесіне апарып, отырғызамыз деп қорқытқан. Немесе ақша беруді ұсынған. Оған психологиялық қысым жасалған.

Қазір полицейлер құқығы шексіз екенін, үйіне тезірек баруы керек екенін, қолма-қол ақша жоқ екенін ескеріп, олар айтқан адамға (полицейлердің бірі болуы мүмкін) мобильді қосымша арқылы 60 мың теңге аударуға келіскен", - деп жазды автор.

Оның айтуынша, полицияның мүлікті тексеруге құқығы бар, бірақ телефонды емес. Өйткені онда көбісінің отбасылық құпиясы, қызметтік құпиясы және т.б. құпия ақпарат болуы мүмкін. Оның айтуынша, қазір полицейлер "шеруге қатыспаған" адамдардан да ақша алып жатыр.

"Құрметті Президент, билігіңіздің беделін түсіріп жатыр. Жағдайды пайдаланып, заңға бағынатын азаматтардан ақша бопсалап жатыр. Құзырлы органдардан осыған мән беріп, қиын жағдайға қарамастан полицейлердің озбырлығын тоқтатуды сұраймын. Халықты ашуландыра берудің қажеті жоқ", - деп қосты Ізбасаров.

Ол 13 қаңтарда таңертең оған Полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі хабарласып, ақпаратты нақтылауды сұрағанын айтты.

ПД баспасөз қызметі мәліметінше, 19 жастағы жасөспірім полицияға арыз жазу үшін шақырылған.

"Қорытынды жасауға әлі ерте. Дерекке қатысты мән-жайды тексеру қажет. Бүгін таңертең бұл факт бойынша ресми мәлімдеме жасалмағаны анықталды. Сондықтан ПД қызметкерлері автормен хабарласып, арыз жазу үшін полицияға шақырды", - деді департаменттегілер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети