05 шілде 2023 11:30

Бурабайдағы танымал дәмхананың бірі өртеніп кетті

Алғабек Хамитұлы Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ТЖД баспасөз қызметі Фото ТЖД баспасөз қызметі

Бурабай ауданында Бурабай ауылындағы танымал дәмхананың бірі өртеніп кетті. Өртті 40-қа жуық өртсөндіруші сөндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. тілшісі Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Бурабай ауданында Бурабай ауылындағы танымал дәмхананың бірі өртеніп кетті. Өртті 40-қа жуық өртсөндіруші сөндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. тілшісі Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жазғы дәмханада өрт шыққаны туралы хабарлама 5 шілде күні таңғы сағат 03:09-да түскен.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от АСТАНА ПОКАЖЕТ (@astana_pokazhet)

"Оқиға орнына дереу ТЖД күштері мен құралдары жіберілді. Жеке құрамның 38 адамы мен 10 техникасы, "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының 2 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды. Қабылданған жедел іс-қимылдармен өрт 04:13-те оқшауланып, 05:04-те сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр",- деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Щучье отрядының бастығы Руслан Базарбаевтың айтуынша, дәмханадағы өрт туралы хабарлама кеш түскен. Себебі өрт сөндірушілер келген уақытта жазғы дәмхананың артқы жағы түгелдей өртеніп кеткен.

"Қосымша күштер мен құралдарды тарту туралы шешім қабылданды. Сөндіру кезінде төрт газ баллоны жарылып, өрттің көршілес ғимараттарға одан әрі тез таралуына ықпал етті. Қабылданған шаралар өрттің тұрғын үйлерге таралуына жол бермеді", - деді Базарбаев.

Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті облыс қонақтары мен тұрғындарына өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады. Өрт болған жағдайда дереу "101" және "112" телефондарына хабарласыңыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети