07 шілде 2021 14:26

Бұрынғы вице-министр Әнуар Ахметжанов ҚТЖ-да лауазымға ие болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: primeminister.kz Фото: primeminister.kz

Әнуар Ахметжанов "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының басқарма төрағасының трансформация және цифрландыру жөніндегі бірінші орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Әнуар Ахметжанов "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының басқарма төрағасының трансформация және цифрландыру жөніндегі бірінші орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Әнуар Ахметжанов 1975 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген.

Ол 1996 жылы Ебіней Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, 2000 жылы Джонс Хопкинс университетін тәмамдаған. 

Әр жылдары "Қазақойл" ҰМК" ЖАҚ, "ҚазМұнайТеңіз" ТМК ЖАҚ, "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" АҚ, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ, "Қазгермұнай" БК ЖШС жұмыс істеді.

2012-2016 жылдары Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.  2016 жылы ҚР Президент Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және өңірлік ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы болды. 

2016-2019 жылдары - ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жауапты хатшысы. 

2019 жылы - ҚР цифрлық даму, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жауапты хатшысы. 

2019 жылдың тамыз айынан бастап қазірге дейін ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жауапты хатшысы қызметін атқарды.

2020 жылы қазаннан бастап 2021 жылы шілдеге дейін цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі қызметін атқарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети