Бұрынғы вице-министр Эльмира Суханбердиеваның баласы қайтыс болды

26 Шілде, 09:42
1
Бұрынғы вице-министр Эльмира Суханбердиеваның баласы қайтыс болды -

Бұрынғы білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиеваның кенже ұлы қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Достар, жазудың өзі қиын, бірақ Эльмира Амангелдіқызы Суханбердиеваның сүйікті әрі кенже ұлы Ілияс қайтыс болды... Бір өзі қаншама сыннан өтіп жатыр. Өмірдегі ең жаманы - жақындарыңды жоғалту, ал ол өз балаларың болса, оны қабылдау тіптен мүмкін емес... Иманды болсын, кішкентай періште... Мұндай жағдай болмас үшін, барлығымыз бір-бірімізге қарап, адамды қудалап, түрлі айла-амалдарды жасаудың қажеті жоқ", - деп жазды білім және ғылым вице-министрінің бұрынғы кеңесшісі Майраш Тайкен Facebook желісіндегі парақшасында.

"Чаттан көрдім. Онда барлығы көңіл айтып жатыр. Бұл жағдайдың мән-жайын білмеймін, Эльмира Амангелдіқызының көмекшісіне, әпкесіне хабарласып жатырмын, бірақ телефонды ешкім алмай жатыр. Маған бұрынғы вице-министр хабарласып, осы хабарды чаттан сағат түнгі 11-де көргенін айтты. Ол кезде телефоным сөндірулі болатын, жаңа ғана көрдім. (...) Ең сүйікті ұлы еді", - деді Майраш Тайкенова Tengrinews.kz тілшісіне.

Оның айтуынша, Суханбердиеваның ұлы ешқандай аурумен ауырмаған.

Айта кетейік, бұрын сотқа дейінгі тексеру барысында Эльмира Суханбердиеваға пара алды деген айып тағылған болатын. Бұрынғы вице-министрдің қорғаушысы Айгүл Әмренова осы жағдайға қатысты пікір білдірген еді.

"Пара болған жоқ. Біз бұған дейін де келіспегенбіз, себебі бізге тағылып отырған айыптың негізі балаларға слетте берілуі тиіс болған екі iPhone болған. Бұл бастапқыда пара деп бағаланды. Содан кейін бұл бапты алып тастады", - деген еді Әмренова.


Вице-министрдің сот залынан шыққан соң журналистерге сұхбат берген сәті.

Кейін Алматы облыстық ТЖД өкілдері қайғылы оқиға 25 шілдеде кешкісін болғанын хабарлады.

"22.10-да Алматы облысы ТЖД Іле ауданы Өтеген батыр ауылында үй ауласындағы бассейнде бір бала суға батып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Іле ауданы ТЖБ қызметкерлері оқиға болған жерге келгенде суға батқан 2015 жылғы бала үлкендердің қарауынсыз қалып, жеке тұрғын үйдің бассейніне құлап кеткендігі белгілі болды", - деп хабарлады аймақтық ТЖД баспасөз қызметі.

Еске салайық, 10 шілдеде бұрынғы вице-министр Эльмира Суханбердиеваға қатысты сот үкімі шыққан болатын.  Соттың шешімі бойынша, Суханбердиева жаза ретінде ақшалай айыппұл салынды. Сот оны кінәлі деп танып, оған мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырып, 2500 АЕК көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындаған еді.

Эльмира Суханбердиева вице-министр қызметіне 2016 жылдың сәуірінде келген болатын.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай