15 маусым 2020 16:54

Бұрынғы вице-министр Шкарупа үй қамауына босатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупа үй қамаққа босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы оның адвокаты Нұрлан Бейсекеев Facebook-те жазды.


ҚР Энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупа үй қамаққа босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы оның адвокаты Нұрлан Бейсекеев Facebook-те жазды.

"Ақыры орындалды. Шкарупа Анатолий Валерьевич Қарағанды облыстық сотының қаулысымен сот барысында үйқамаққа босатылды", - деп жазды ол.

Бұған дейін Анатолий Шкарупа ақша ұрлады деп айыпталған болатын. Онымен бірге "ТКШ дамыту қоры" АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы Қайсар Байдалы және кәсіпкер Ерлан Нәбиев тұтқындалған.

2019 жылдың қараша айында Шкарупа ісі бойынша тергеліп жатқан кәсіпкер Набиев арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы Олеси Кексельдің заңсыз әрекеттері туралы өтініш бергені белгілі болды.

Ал Шкарупа Президентке үндеу жолдады. Экс-вице-министр тергеу кезінде өзінің конституциялық құқықтарының бұзылғаны туралы айтып, Токаевтан шара қолдануды сұраған еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети