1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

БҰҰ бас хатшысы Тоқаевқа Алматыда Ауғанстан бойынша миссиясын орналастырғаны үшін алғыс айтты 25 қыркүйек 2021, 12:20

Қазақстан СІМ басшысы БҰҰ басшылығымен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Фото: Қазақстан СІМ баспасөз қызметі Фото: Қазақстан СІМ баспасөз қызметі

Қазақстан СІМ басшысы БҰҰ басшылығымен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-сессиясына қатысу шеңберінде ҚР премьер-министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесіп, ол Ауғанстанға жәрдемдесу жөніндегі БҰҰ миссиясының қашықтағы кеңсесін Алматыда орналастыру туралы шешім қабылдағаны үшін Қазақстан Президентіне алғысын білдірді", - делінген хабарламада.

Ол, сондай-ақ, біздің ел тұрақтылықтың символы және көпжақтылықты ұстанудың үлгісі екенін ерекше атап өтті.

"Қазақстанның бұл шешімін біз тек көмек ретінде қана бағаламаймыз. Сіз БҰҰ мен Қазақстан арасындағы тамаша қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға ықпал ететін дипломатиялық бауырластықтың шынайы рухын көрсеттіңіз", - деді Антониу Гутерриш.

Өз кезегінде министр Президент Тоқаевтың БҰҰ-ның Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттігін құру жөніндегі бастамасының іске асырылу барысы туралы егжей-тегжейлі хабардар етті.

"Сол күні министр БҰҰ Бас хатшысының орынбасары - Контртеррористік басқарма басшысы Владимир Воронковпен келіссөздер жүргізді. Қазақстандық тарап Ауғанстандағы террористік қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл бойынша олардың әлеуетін нығайту үшін Орталық Азия өңірі елдеріне техникалық жәрдемдесу бағдарламалары туралы хабардар етілді.

БҰҰ бас хатшысының саяси мәселелер және әлем құрылысы жөніндегі орынбасары Розмари Дикарломен кездесуде жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар мен бірлескен күш-жігер талқыланды", - деді СІМ өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram