1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Қазақстан ҚХДР-дің әрекетін сөкті

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі. ©REUTERS/Mike Segar БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі. ©REUTERS/Mike Segar

БҰҰ Қауіпсіздің кеңесінің отырысында Қазақстан КХДР-дің әрекеттерін сынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап. 

5 тамызда өткен отырыс кезінде Қазақстан өкілі Пхеньянның жауапсыз саясаты мен арандатушылық әрекеттеріне жалпымен бірге наразы екенін жеткізді. 

"ҚХДР-дің зымыран және ядро бағдарламаларының қаупі мүдделі тараптарға келіссөздерді қайта жандандыруға итермелеп отыр. Қазақстанның дипломатиясы бұл жағдайдан шығу жолы тек диалог өткізу, ешқандай күш қолдану емес деген ойда", - дейді Қазақстан өкілі. 

Қауіпсіздік кеңесі КХДР-ге қатысты жаңа резолюция қабылдады.

"2371 (2017) резолюциясына баллистикалық зымыранды сынауға байланысты бұрын болмаған қатаң санкциялар енді. Бұл Солтүстік Кореяның негізгі экспортына - көмір (Солтүстік Кореяның ірі табыс көзі), темір, темір кені, қорғасын, қорғасын кеніне және теңіз өнімдеріне тыйым салады. Сонымен қатар, бұл елдің жеке және заңды тұлғаларына қатысты санкциялық тізім жасалды", - дейді ведомствоның баспасөз қызметі. 

Санкция Солтүстік Кореяның валюта табысының үштен бірін қысқартуға бағытталған. Бұл елдің ядролық бағдарламасын жалғастыруға қаржылай мүмкіндігін шектеу үшін жасалғаны атап өтілді.

ШҚО-да ұшақ өртенді