15 ақпан 2021 17:20

Бюджеттен бөлінген әр теңге мақсатқа сай жұмсалуы тиіс - Тоқаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бюджеттен бөлінген әр теңге мақсатқа сай жұмсалып, қоғамға пайда әкелуге тиіс. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратураның басшылық құрамымен өткізген кеңесте мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 


Бюджеттен бөлінген әр теңге мақсатқа сай жұмсалып, қоғамға пайда әкелуге тиіс. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратураның басшылық құрамымен өткізген кеңесте мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Президент өз сөзінде карантин шараларын қамтамасыз ету және мемлекет мүдделерін қорғау кезінде заңдылықты сақтаудың маңыздылығына да мән берді. Мемлекет басшысы полиция мен санитарлық қызмет тарапынан олқылықтар жіберілетін болса, ондай жағдайда прокуратураға бірден қажетті шаралар қабылдауды тапсырды.

Одан бөлек Қасым-Жомарт Тоқаев қаржы саласындағы түрлі алаяқтық әрекеттердің алдын алу қажеттігін атап өтті.

"Қазіргі кезеңде біз экономикадағы жағымсыз үдерістерді жоюға күш салып жатырмыз. Осыған байланысты кейде Ұлттық қордың қаржысын жұмсауға тура келеді. Сондықтан бұл қаражаттың заңды және орынды игерілуі айрықша маңызды. Әсіресе, мемлекеттік әлеуметтік бағдарламалар мен дағдарысқа қарсы шараларға бөлінген қаржыға ерекше назар аудару керек. Сондай-ақ, жалақы, зейнетақы және жәрдемақы төлеу мәселелерін әрдайым бақылауда ұстау қажет. Бюджеттен бөлінген әр теңге мақсатқа сай жұмсалып, қоғамға пайда әкелуге тиіс", - деді Президент.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети