Біздің әйелдерге Парижге барудың қажеті жоқ - Назарбаев

14 Қараша 2016, 17:04
0
Біздің әйелдерге Парижге барудың қажеті жоқ - Назарбаев -

Нұрсұлтан Назарбаев Кеңес Одағы құлаған кездегі және қазіргі кездегі қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін салыстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен көпшілік алдында тұрып қазақтардың қазіргідей ешқашан да өмір сүрмегенін айта аламын", - деді Мемлекет басшысы Астана клубымен кездесу барысында.

Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, қазіргі жастар азық-түліктің жетіспеушілігі дегенді білмейді. Сондай-ақ, Президент қазақстандық әйелдерге Парижге бармай-ақ қою керек екенін айтты.

"Адамдардың арманында шек жоқ, олар барынша жақсы өмір сүргісі келеді. Мен 25 жастағы жастарға үнемі айтып отырамын. Ол 1991 жылы дүниеге келді, яғни, ол өткен кезеңді білмейді. Мен оған сол кезде аналарымыздың сүтке қолы жете алмай, түнгі төрттен бастап балаларына сүт алу үшін кезекте тұрғандарын айтып отырамын. Ол кезде дүкендерде нан да, темекі де, қант да болмаған. Әрине, ол адамға бұл жағдайды түсіну қиын, себебі қазіргі кезде керек заттың барлығы бар. Біздің әйелдерге Парижге барудың қажеті жоқ. Астанадағы кез келген дүкенге барсаңыз, сонда керекті заттарыңыз бар. Елімізде әлемнің барлық асханасы қамтылған мейрамханалар бар. Түсінесіздер ме? Біз жеткіміз келген мақсаттарымызға әлі жеткен жоқпыз", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай