Біздің бес президентті бір Назарбаевқа айырбастайтын едім - украиналық саясаткер

08 Шілде 2017, 10:41
0
Біздің бес президентті бір Назарбаевқа айырбастайтын едім - украиналық саясаткер - © gordonua.com
© gordonua.com

Украиналық ақын, аудармашы, сценарист, саяси және қоғам қайраткері Иван Драч "112 Украина" арнасындағы Дмитрий Гордонның авторлық бағдарламасында Украинаның бес президентін бір Нұрсұлтан Назарбаев үшін бере салуға болатынын айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бағдарламадағы сұхбат кезінде Украина сөз етілді. Драч "Народний рух України" қатарында қанша КГБ агенті, Вячеслав Чорновилді кім өлтірткенін, Қырымның аннексиясын тоқтатуға болатын ба еді, Донбасс қашан Украина құрамына кіретіні туралы айтты. 

"Мен үшін Нұрсұлтан Назарбаев - өте тартымды тұлға. Латын әліпбиін енгізіп жатқандығын алсақ та. Бұл тамаша. Мен оны көп уақыттан бері танимын. Ол Щербицкий кезінде Украинаға келген, екеуі де премьер болып тұрғанда. Мен орыс тілінде өтіп жатқан Министрлер Кабинетінің отырысына келдім, ойлап көріңізші. Назарбаев келді де украин тілінде сөйлей бастады. Осыдан кейін отырыстар украин тілінде өте бастады. Бұл Щербинский кезінде, мұны жай мысалға айтып отырмын. Ал Қазақстанда Олжас Сүлейменовтен бастап, таныстарым көп. Мен бұл халықты өте сыйлаймын, тартымды, үнемі бір қозғалыста және басшыларымен де жолы болды. Мен барлық бес президентімізді Нұрсұлтан Әбішұлы үшін бере салатын едім (күлді)", - дейді Драч бағдарламада. 

Сүхбаттың мәтіндегі нұсқасын gordonua.com сайтынан оқуға болады. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай