27 мамыр 2020 13:05

C0VID-19: Нұр-Сұлтанда тағы бірнеше нысан жабылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда санитарлық нормаларды сақтамаған бірнеше нысан жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Нұр-Сұлтанда санитарлық нормаларды сақтамаған бірнеше нысан жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкімдіктің мәліметінше, 21-26 мамыр аралығында 150 кәсіпорын тексерілді. Санитарлық нормаларды бұзған 12 нысан жабылды, олар дәмхана, мейрамхана, бар, азық-түлік дүкені, спа-салон және  тағы басқа бірқатар нысанға айыппұл салынды.

"Санитар дәрігердің қаулысымен COVID-19 індеті толықтай жойылмайынша түнгі клуб, фитнес клуб, жаттығу залдары, спа салондар, массаж кабинеттері, косметологиялық орталықтар, клиникалар, орталықтар және т.б. жұмысына тыйым салынды. Бұған дейін санитарлық талаптарды бұзған 26 нысан жабылды. Оның ішінде құрылыс комапниялары, дүкендер, дәмханалар мен мейрамханалар бар. Бұл нысандар санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың қатаң сақталуын қамтамасыз етпейінше жабық болады. 150 кәсіпорын ескерту алды. Мұндай қатаң шаралар коронавирустың талауына жол бермеу үшін қабылданды", - дейді әкімдіктегілер.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети