06 наурыз 2020 15:08

Челахтың атасы немересімен не туралы әңгімелескенін айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Владислав Челах Владислав Челах

Жазасын "Черный беркут" колониясында өтеп жатқан Владислав Челахтың атасы Владимир Челах немересімен не туралы әңгімелескенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жазасын "Черный беркут" колониясында өтеп жатқан Владислав Челахтың атасы Владимир Челах немересімен не туралы әңгімелескенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз оған 15 наурызда барамыз. Бүгін ол хабарласуы керек. Оның бәрі далбаса әңгіме (Челахтың өлімі туралы). Ол туралы әңгіме бірнеше рет болған", - дейді Владимир Челах. 

Владимир Челахтың айтуынша, олар Владиславпен жылына төрт рет екі сағаттан кездеседі екен. 

"Әрине, ол туралы (Челахтың өлімі туралы) бізге хабар беруші еді ғой. Ол жұма күні әкесімен сөйлескен. Барлығы жақсы екенін айтқан. Денсаулығы да жақсы", - дейді Челахтың атасы. 

Еске салайық, бұған дейін Челах қайтыс болды деген қауесет тараған. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті бұл туралы пікір білдірді. ҚАЖК өкілдері бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын айтады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети