Автокөлік тек кәсіпке жәрдем жасамай, сондай-ақ оның дамуына әсер етуі мүмкін бе? Алматылық кәсіпкер Сауыржан Садықов бұл әбден мүмкін екенін айтады. Себебі оның басынан да сондай жағдай өткен. Тура бір жыл бұрын Сауыржан мен оның кәсібі - тұрмыстық техниканы жөндеу кәсібі туралы айтқан болатынбыз. Ол кезде Сауыржан кәсібі үшін Chevrolet Damas алған болатын. Бүгінде Сауыржан кәсібін кеңейтіп, бірнеше Damas микровэнін сатып алған.
Автокөлік тек кәсіпке жәрдем жасамай, сондай-ақ оның дамуына әсер етуі мүмкін бе? Алматылық кәсіпкер Сауыржан Садықов бұл әбден мүмкін екенін айтады. Себебі оның басынан да сондай жағдай өткен. Тура бір жыл бұрын Сауыржан мен оның кәсібі - тұрмыстық техниканы жөндеу кәсібі туралы айтқан болатынбыз. Ол кезде Сауыржан кәсібі үшін Chevrolet Damas алған болатын. Бүгінде Сауыржан кәсібін кеңейтіп, бірнеше Damas микровэнін сатып алған.
"Chevrolet Damas-ты алғаш бір жыл бұрын сатып алдым. Бірақ сатып алардан бұрын бұл автокөлікті, жалпы нарықты зерттеп шықтым. Бірақ жаңа Damas сатып алуға ақшам жетпеді. Сөйтіп бұған дейін айдалған "қытайлық" түрін сатып алдым. Оны бір айдай ғана айдап жүрдім де, қалған 11 айда ол жөндеуде жатты. Қатты шаршап кеттім, себебі менің саламда автокөліктің жүріп тұруы маңызды роль атқарады. Автокөлік жүрмесе - жұмыс тоқтап қалады. Бір күні ол тура жолдың бойында бұзылып қалды, ал жақын жерде Chevrolet AllurAuto тұрды, сол жерден тағы да Damas-ты көрдім. Бұл бір жоғарыдан келген белгі сияқты болды", - дейді Сауыржан.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бір жыл эксплуатацияда, Сауыржанның айтуынша, автокөлік оның көңілінен шыққан.
"Автокөлікке көп адам сияды, орындығы оңай жиналады да салон кеңірек болады. Епті, ал бұл қалада өте маңызды! Damas серіппеге негізделген, жарты тоннадан аса жүк тасыдым - менің жұмысымда бұл маңызды нәрсенің бірі. Жанармай шығыны бойынша да ыңғайлы - тиеулігі бойынша - 10 литр, бос жағы - 8 литр. Қыста пеш жақсы жылытатын. Жалпы көліктің өзі де сенімді әрі көнбіс. Бағасы мен сапасы сай. Авто жаңа болғандықтан және кепілдігі бар болғандықтан мен сервис орталығына барып тұрамын. Автокөлігімді мамандарға сеніп, тапсырғанды жақсы көремін. Олардан шыққан кезде бірнәрсені дұрыс істемеді-ау деп қорықпаймын", - дейді кәсіпкер.
Биыл Сауыржан кәсібін кеңейтудің уақыты келді деп шешкен. Ол қызметкерлер жалдап, тағы бір Chevrolet Damas сатып алған. Тағы бірнеше микровэн сатып алуды жоспарлап отыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Компаниям кеңейіп жатыр және енді қаланың түкпір-түкпіріндегі адамдарға қызмет көрсете аламыз. Ал биыл әкеме сыйлық жасап, Chevrolet Nexia сатып алдым. Әкем мен көптен бері Chevrolet айдап жүргенімді көріп, оған сенетінімді түсінді. Сондықтан таңдауымыз соған түсті. Бірақ әкем үлкен кісі болғандықтан оған жеңіл және автоматты беріліс қорапты көлік алуды шештік. Әкем қуанып қалды. Меніңше, кез келген ата-ана ұлы жаңа көлік сыйласа риза болады деп ойлаймын", - дейді Сауыржан.
Chevrolet Damas-тың бағасы 3 299 000 теңгеден басталады. Микровэннің жолаушыларға арналған түрі лизинг бағдарламасы бойынша қолжетімді.