31 қазан 2021 15:03

COVID-19-бен күресте дәрігерлерге тағы қандай ақы төленуі мүмкін?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Қазақстанда "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" қаулыға өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы жоба әзірленді. Құжат COVID-19 жұқтырғандар жататын стационарларда жұмыс істейтін дәрігерлерге қосымша ақы белгілеуді көздейді. Қаулы жобасы "Ашық НҚА" сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құжатқа сәйкес, COVID-19 жұқтырғандар жататын ауруханаларда жұмыс істейтін дәрігерлерге қосымша ақы вирус жұқтыру қаупіне байланысты беріледі. 

Жоғары тәуекел: COVID-19 коронавирус инфекциясы бар пациенттерге медициналық көмек көрсету үшін анықталған реанимация бөлімшелері (төсек) мен басқа да стационарларды қоса алғанда, инфекциялық стационарлардың дәрігерлері, орта және кіші медициналық персонал, инфекция жұқтырған пациенттермен және биологиялық материалдармен тікелей байланысы бар клиникалық бөлімшелер мен параклиникалық құрылымдардың қызметкерлеріне берілетін қосымша төлем жеті еселенген жалақысына тең болады.

Орташа тәуекел: зертхана (сынама алуды қабылдау бойынша бөлімдердің) қызметкерлері, яғни санитариялық-эпидемиологиялық маманы, дәрігері, зертхана маманы, сынама алу маманы, зертханашыға бес еселенген жалақы қарастырылады.

Төменгі тәуекел: COVID-19 коронавирус инфекциясы бар пациенттерге медициналық көмек көрсету үшін анықталған реанимация бөлімшелері (төсек) мен басқа да стационарларды қоса алғанда, провизорлық стационарлардың, провизорлық бөлімшелердің дәрігерлері, орта және кіші медициналық персоналы, инфекция жұқтырған пациенттермен және (немесе) биологиялық материалдармен тікелей байланысы бар клиникалық бөлімшелер мен параклиникалық құрылымдардың қызметкерлеріне үш еселенген жалақы болады.

Қосымша ақы нақты жұмыс істеген сағаттарды ескере отырып есептеледі. 

Құжат 12 қарашаға дейін талқыланады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети