27 қаңтар 2021 13:48

"COVID-19-ға қарсы вакциналар тиімсіз": Қазнетте жаңа фейк талқыланып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Қазақстандықтар Telegram-арналарда вакцина өндірісіне маманданған Merk фармацевтикалық компаниясының COVID-19-ға қарсы препараттарды әзірлеуді тоқтатқаны және олардың өнімінің табиғи иммунитетпен салыстырғанда тиімділігі төмен екені туралы жаңалықты талқылап жатыр. Желі қолданушылары мұны коронавирусқа қарсы вакциналардың тиімділігі төмен екенінің дәлелі деп санайды. Stopfake.kz ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Merk компаниясы COVID-19 қарсы бірден екі вакцина әзірлеген - V590 және V591. Екі препарат та клиникалық зерттеулердің бірінші кезеңінен өтті. Компанияның ресми сайтындағы хабарламаға сәйкес, олардың нәтижелері қанағаттанарлықсыз болды.

"Бұл зерттеулерде V590 және V591 екеуіне де төзімділік жақсы болды, бірақ иммундық жауаптар вирусты табиғи жұқтырғаннан кейін қаралған науқастар мен SARS-CoV-2 / COVID-19-ға қарсы басқа вакциналар бойынша хабарланғандарға қарағанда нашар болды", - делінген фармкомпания сайтында.

Осылайша, Merk әзірлеушілері препараттардың әсері басқа компаниялар шығарған аналогтардан төмен екенін мойындады. Бұл COVID-19-ға қарсы басқа вакциналар да тиімсіз деген сөз емес.

Сондай-ақ, Merk сайтындағы ақпаратқа сәйкес, компания COVID-19 жұқтырған науқастарды емдеу үшін терапевтік препараттар шығаруға бар күшін салуды жоспарлап отыр. Қазіргі кезде екі дәрілік зат жасалып жатыр - МК-7110 және МК-4482.

Клиникалық сынақтан өткен вакциналардың тиімділігі дәлелденген. Бүгінгі таңда әлемде Pfizer/BioNTech, Moderna, AstraZeneca және құрметті академик Н.Ф.Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығы шығарған препараттар бар.

Қазақстандық QAZCOVID-IN вакцинасы қазіргі кезде клиникалық зерттеулердің үшінші кезеңінен өтіп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети