Дана Жүнісова жаңа қызметке тағайындалды

09 Қазан 2018, 14:03
0
Дана Жүнісова. © primeminister.kz
Дана Жүнісова. © primeminister.kz

Ұлттық экономика вице-министрі болған Дана Жүнісова Қазақстан индустрияны дамыту институтының төрайымы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру мақсатында даму институттары қайта құрылады. 2018 жылы 5 қазанда Қазақстан халқына арнаған өзінің жыл сайынғы Жолдауында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Үкіметіне "қарапайым заттар экономикасын" дамытуға және экспортқа бағытталған индустрияландыруға бағдарланған тиімді өнеркәсіптік саясатты іске асыруға баса көңіл бөлуді тапсырды. 

Аталған міндетті іске асыру үшін индустрияландыру саясатын жүргізу және қолдау құралдарын шоғырландыру мақсатында ҚР Үкіметі индустрияны дамыту, жергілікті қамту және технологиялық даму саласындағы үш ұлттық даму институтының функциялары "Қазақстандық индустрияны дамыту институты" АҚ базасындағы Бірыңғай өнеркәсіптік даму орталығына біріктірілетін болады.

Қайта құру кезінде институттардың бюджеттік шығындары мен штаттық құрылымы оңтайландырылады.

Болашақ орталыққа жүктелетін міндеттерді орындау үшін биыл 8 қазанда "ҚИДИ" Директорлар кеңесінің шешімімен Дана Жүнісова жаңа басқарма төрағасы болып сайланды.

Айта кетейік, 2018 жылы 27 сәуірде Дана Жүнісова ҚР ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалған еді. Ол халықаралық экономикалық интеграция және халықаралық ынтымақтастық, сауда және сыртқы сауда мәселелеріне жетекшілік ететін болған. Алайда қыркүйектің басында, Дана Жүнісова ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылғаны туралы хабарланды. 

Дана Жүнісова 1985 жылы мамыр айында Целиноград қаласында дүниеге келген. 2006 жылы Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін тәмамдаған. Мамандығы бойынша - экономист.

Еңбек жолын 2003 жылы бастаған.

2003-2011 жылдары "ҚТЖ" ҰК" АҚ, "Астана-Финанс" АҚ, "2011 жылғы 7-қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясы" АҚ жұмыс істеген.

2012-2013 жылдары - "Құлагер ҚК" ЖШС Жобаларды басқару департаментінің менеджері, "Атамекен" Одағы" ҚҰЭП Тариф қалыптастыру департаменті директорының орынбасары.

2013 жылғы қазан айынан бастап қазіргі таңға дейін "Атамекен" ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай