Даниал Ахметов Өскемен әкімі Тумабаевқа жұмыстан кетуді ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Даниал Ахметов Өскемен әкімі Тумабаевқа жұмыстан кетуді ұсынды © Tengrinews.kz

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Өскемен әкімі Қуат Тумабаевқа жұмыстан кетуді ұсынды, - деп хабарлайды YK-News.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Өскемен әкімі Қуат Тумабаевқа жұмыстан кетуді ұсынды, - деп хабарлайды YK-News.kz.

Мұндай ұсынысты Даниал Ахметов облыс әкімдігінің отырысы кезінде мәлімдеді.

"Меніңше, Қуат Тумабаевтың осындай жоғары лауазымда отыруға моральдық құқығы жоқ. Мен оған өз еркімен жұмыстан кету туралы арыз жазуды ұсындым", - деді Даниал Ахметов.

Айта кетейік, Қуат Тумабаев Риддерде адам өлімімен аяқталған жол апатының куәгері болған еді. Жол-көлік оқиғасы 2018 жылдың 15 сәуірінде шамамен сағат 21.00-де болды. Кейінірек Өскемен әкімінің адам қаққан шенеуніктің көлігінде болғаны анықталды. Жол апатынан ер адам қаза тапқан еді.

Осыған дейін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің этика жөніндегі кеңесінде Тумабаевтың қызметіне толықтай сәйкес еместігін мәлімдеген еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети