25 ақпан 2019 15:38

Данияр Ақышев отставкаға кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Данияр Ақышев. © REUTERS Данияр Ақышев. © REUTERS

Қазақстан Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев отставкаға кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстан Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев отставкаға кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Осыған дейін Парламент Сенаты Ұлттық банк төрағасы лауазымына Ерболат Досаевтың кандидатурасын мақұлдаған еді. Парламент Сенатының регламентіне сәйкес ұсынылған кандидатура комитеттің кеңейтілген отырысында талқыланған. Президент Әкімшілігінің төрағасы Әсет Исекешевтің айтуынша, Мемлекет басшысы Данияр Ақышевтің отставкасын қабылдаған. 

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мен Ұлттық банк төрағасын тағайындауға кандидатураны келісуге келдім. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ерболат Досаевты кандидатурасы ретінде ұсынды. Ол өзін білікті қаржыгер ретінде көрсетті. Мен тағайындауға келісім беруіңізді сұраймын", - деді Әсет Исекешев.

Данияр Ақышев 1976 жылы туған. Ол Алматы қаласының тумасы. Қазақ мемлекеттік басқару академиясының түлегі, мамандығы - экономист. Әр жылдары Орталық Азия қор биржасының жетекші экономисі болып жұмыс істеді. Республика ұлттық банкінің зерттеу және статистика департаментінде әр түрлі лауазымдарда қызмет атқарды. Ұлттық Банктің зерттеу және статистика департаментінің директоры қызметін атқарды. 2007-2014 жылдар аралығында Ұлттық банк төрағасының орынбасары болды. Содан кейін Президент Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болды. 2015 жылғы 24 тамыздан бастап ел Президентінің көмекшісі міндетін уақытша атқарды.

Ұлттық банк төрағасы қызметінде 2015 жылы 2 қарашадан бастап жұмыс істеді. Оған дейін бұл қызметті Қайрат Келімбетов атқарды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети