09 қыркүйек 2020 12:22

Дәрі-дәрмек тапшылығы болмайды - Мамин коронавирустың жаңа толқыны туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Премьер-министр Асқар Мамин коронавирустың жаңа толқыны болған жағдайда дәрі-дәрмектер мен жеке қорғаныс құралдарының тапшылығы болмайды деп уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Премьер-министр Асқар Мамин коронавирустың жаңа толқыны болған жағдайда дәрі-дәрмектер мен жеке қорғаныс құралдарының тапшылығы болмайды деп уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Науқастар санын азайту, емдеу тиімділігін арттыру бойынша нақты шаралар қабылданды. Ауылдық елді мекендерде медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Жедел жәрдем автомашиналары, барлық қажет жабдықтар сатып алынады. Жеке қорғаныс құралдары мен дәрі-дәрмектер қоры құрылды. Тапшылық болмайды.

Сонымен қатар, тамыз айынан бастап тұрғындар вирустық инфекцияны амбулаториялық деңгейде емдеу үшін тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етіледі. ПТР тестілеу мүмкіндігі артты. Сатып алу бойынша келіссөздер жүргізілді, сондай-ақ өз вакцинасын өндіру бойынша жұмыс ұйымдастырылды", - деді Мамин Үкімет отырысында.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети