16 қаңтар 2016 | 00:44

Дәретханадан табылған қызды асырап алғысы келген ерлі-зайыпты тығырыққа тірелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Үміт" бөбектер үйінің бас дәрігері Айжан Жақсымбетова әжетханадан табылған сәбиді асырап алғысы келетінін бірінші болып жариялап, бөбекпен танысып үлгерген Ескендір Ахметов пен Елена Тұрғынбекованың үмітін су сепкендей басты, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.


Иконка комментария блок соц сети

"Үміт" бөбектер үйінің бас дәрігері Айжан Жақсымбетова әжетханадан табылған сәбиді асырап алғысы келетінін бірінші болып жариялап, бөбекпен танысып үлгерген Ескендір Ахметов пен Елена Тұрғынбекованың үмітін су сепкендей басты, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Тілшілердің мәліметінше, өңірде бала асырауға ниеттілердің саны жүзден асады, ал Ескендір мен Елена кезекке де тұрмағандықтан, балалы болулары екіталай екен. Әрі, баласын шұңқырға тастап кеткен тасбауыр әйел аналық құқығынан әлі айрылмаған. "Иә, екіталай өйткені бұл сәбидің анасына іс қозғалып отыр. Ол істің қашан бітетіні, соттың шешімі қалай болатыны белгісіз", - деді Айжан Жақсымбетова.

Осыған дейін Ескендір Ахметов пен Елена Тұрғынбекова Тараз қаласындағы "Үміт" бөбектер үйінде болып, сәбимен кездескен болатын. Ескендір Ахметов пен Елена Тұрғымбекова сәбиді асырап алатынын айтып, мақсаттарына жету үшін қолдан келгендерін жасау үстінде. Жұптың бас қосқанына осымен төртінші жыл екен. Олар балалы болуды армандаса да, мұндай қуанышқа әзірше жету мүмкін болмай отыр екен. Отасқандарына екі жыл толғанда ата-енелері бала асырап алуды ұсыныпты, бірақ Ескендір мен Елена үмітін үзгісі келмейді. Алайда әжетханаға тасталған сәбидің оқиғасын көргеннен кейін жұп асырап алуға бел буады.

Еске салайық, қаңтардың үшінде күре жолдың бойындағы әжетхананың шұңқырынан жаңа туған шақалақ табылған еді. Бес күннен соң оның анасы 21 жастағы Тұрар Рысқұлов ауданының тұрғыны екені анықталған. Баласынан безінген қатыгез ана кепілдікке ақша беріп, қазір бостандықта жүр (Дереккөз: КТК). 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети