Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Баласыз жұп Тараздағы сәбилер үйінде әжетханаға тасталған сәбимен табысты

15 Қаңтар 2016, 15:47
7
© Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

Баласыз жұп Тараздағы сәбилер үйінде әжетханаға тасталған сәбимен табысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сәби "Үміт" сәбилер үйіне әкелінген болатын.

Жас жұп Ескендір Ахметов пен Елена Түрғынбекова Жамбыл облысында Жуалы ауданында тұрады. Олардың баспанасы бар. Екеуі де жұмыс істейді: Ескендір - музыкант, Елена балабақшада. Ата-енесі де сәбидің өздеріне түскенін қалап отыр. Олар Тараздағы "Үміт" сәбилер үйіне барып, дәретханадан табылған баланы күтті. 


© Tengrinews.kz

Ескендір Ахметов пен Елена Тұрғымбекова сәбиді асырап алатынын айтып, мақсаттарына жету үшін қолдан келгендерін жасау үстінде. Жұптың бас қосқанына осымен төртінші жыл екен. Олар балалы болуды армандаса да, мұндай қуанышқа әзірше жету мүмкін болмай отыр екен. Отасқандарына екі жыл толғанда ата-енелері бала асырап алуды ұсыныпты, бірақ Ескендір мен Елена үмітін үзгісі келмейді. Алайда әжетханаға тасталған сәбидің оқиғасын көргеннен кейін жұп асырап алуға бел буады.

Олар асырап алғысы келетін қызды көргенде қуаныштан жастарын тыя алмады. Келіншектің айтуынша, ол сәбимен бірге қайтадан өмірге келгендей болған. Осылайша Елена жаным тынышталды дейді. 


© Tengrinews.kz

Қазіргі уақытта отбасы барлық қажетті құжатты жинап, Жамбыл облыстық білім беру бөліміндегі қамқоршылық кеңестің шешімін күтіп отыр. "Кеңес сәбиді осы отбасыға беру туралы шешімді жасайды деген үміттеміз, сенеміз", - деді Жамбыл облысының әкімінің баспасөз хатшысы Гүлбаршын Құланбаева. 


© Tengrinews.kz

Еске сала кетейік, 2016 жылдың 3 қаңтарында "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" автожолындағы қоғамдық әжетханадан жаңа туған сәби табылған болатын. 8 қаңтарда полицейлер дәретханаға жаңа туған сәбиін тастаған келіншекті тапты. Дәрігерлер нәрестенің шамамен оқиғадан 6 күн бұрын дүниеге келгенін анықтады.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (7)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай