15 тамыз 2022 08:36

"Дәретханасы далада, төбесі құлап жатыр". Талғарда 3 миллиард теңгеге салынған жаңа мектеп төңірегінде дау туды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысы Талғар қаласының тұрғындары 1200 орындық жаңа мектептің сапасына наразы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысы Талғар қаласының тұрғындары 1200 орындық жаңа мектептің сапасына наразы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, мектеп дәретханасы далада орналасқан. Мектептің қабырғалары жарылып, сыз тартып, төбесі опырылып жатыр. Ал мектептің бюджетіне үш миллиард теңге жұмсалған.

"Әкімдік бұл жерді кімге мақтану үшін салды. 1200 орындық таңдаулы, заманауи мектеп деген еді. Ал қазір мектепке  оқушы жинай алмай отыр. Бастауыш сынып оқушыларын басқа мектептен ата-ананың рұқсатынсыз ауыстыруды ұйғарыпты. Ал заң бойынша қай мектепке баруды, қай мектепке бармауды ата-ананың өзі таңдайды емес пе? - дейді ата-аналар.

Бұл мәселеге қатысты Талғар аудандық әкімдігі кемшіліктерді мердігер компания жаңа оқу жылы басталғанға дейін түзейтінін айтты.

"Тек бірінші қабаттағы қабырғалар жарыла бастаған. Кемшіліктер қайта жөнделеді. Мектеп ішінде ұл-қыздарға бөлек-бөлек дәретханалар бар. Сонымен қатар жоба бойынша аулада да әжетхана салу қарастырылған. Мердігер компания мектептегі кемшіліктерді 25 тамызға дейін түзеуі тиіс", - делінген әкімдік хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети