Жамбыл облысының Қалалық көпсалалы ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап.
Тараз соты Жамбыл облысының Қалалық көпсалалы ауруханасы бас дәрігерінің экономикалық және әкімшілік-шаруашылық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары С. Шаушенова мен бас бухгалтер А. Достаеваға қатысты үкім шығарды.
"Олар "Қайрат Құрылыс-ҚК" ЖШС аффилирленген кәсіпорнына жалған құжаттар бойынша заңсыз аудару жолымен 758 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, бас дәрігердің орынбасары қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыру бойынша сотталды.
"Сот үкімі бойынша, Шаушенова 9 жылға, Достаева 6 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.
Сонымен қатар, сотталғандар қаржылық қызметке байланысты лауазымдарды 10 жыл мерзімге атқару құқығынан айырылады".
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!