1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Дәрігер науқастар аурухана сыртында жатқан видеоға түсініктеме берді

Нұр-Сұлтандағы № 2 аурухананың бас дәрігерінің міндетін атқарушы Нұрбол Тұрсынбаев науқастарды қабылдамай, олар емхана сыртында жатыр деген видеоға түсініктеме берді. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына жауап берді.

Тұрсынбаевтың айтуынша, аурухана COVID-19 жұқтырған науқастарды емдеуге арналмаған және жедел жәрдем мұндай диагнозбен адамдарды жеткізбейді.  

"Видеодағы тұрғылықты мекенжайы жоқ ер адамды белгісіз біреулер жақында әкеліп тастады да аурухананың жанында қалдырып кетті. Емхана қызметкерлеріне ескертпеген. Біз ол адамды көре сала ауруханаға кіргіздік. Ер адам қатты мас болғандықтан, ашуланып, ауруханаға жатудан бас тартты. Медициналық көмек қажет болмады", - дейді Нұрбол Тұрсынбаев. 

Аурухана сыртында арбада отырған ер адам да мас болған екен. 

"Кеше ол ауруханаға жатудан бас тартты. Сөйтіп туыстары оны алып кетті. Бүгін оны қайтадан мас болғандықтан әкелді. Қазір оған тиіс көмек көрсетіліп жатыр, ішімдіктен уланған", - дейді Тұрсынбаев. 

"Азаматтарды желіде өріп жүрген жалған роликтерге сенбуге шақырамыз. Жалған ақпарат тарататын адамдар оған арнайы жауапкершілік көзделгенін білуі керек. Ең алдымен, әлеуметтік жауапкершілік. Біз - медицина қызметкерлері барлық азаматтық өмірін құтқарамыз. Бізге жала жабудың қажеті жоқ", - деп түсіндірді дәрігер.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!