22 қыркүйек 2015 | 12:31

Дәрігерлер Алматыдағы ірі жол апатынан зардап шеккендердің жағдайын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Шоқан Алхабаев © Шоқан Алхабаев

Алматыдағы ірі жол апатынан зардап шеккендердің екеуі үйге қайтарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматы денсаулық сақтау басқармасының бас хирургы Нұржан Исабеков хабарлады. Ол жедел жәрдемге хабардың 21 қыркүйекте 11.22-де түскенін нақтылады.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыдағы ірі жол апатынан зардап шеккендердің екеуі үйге қайтарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматы денсаулық сақтау басқармасының бас хирургы Нұржан Исабеков хабарлады. Ол жедел жәрдемге хабардың 21 қыркүйекте 11.22-де түскенін нақтылады.

Оқиға орнында жедел жәрдемнің төрт экипажы жұмыс істеген. Ауруханаға 5 адам жеткізілді. Олардың екеуі жедел жәрдем көлігімен жеткізілді, біреуі орталық клиникалық ауруханаға тағы біреуі қалалық №4 ауруханасына және тағы біреуі №7 ауруханаға түскен. "Келген екеуі дәрігерлердің қарауынан кейін үйлеріне қайтарылды. Үшеуінің екеуі қалалық жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. Бір науқас әйелдің омыртқа жарақаты бар, жұлыны жарақаттанған және жұмсақ терісіне зақым келген. Екінші науқас бассүйек-ми жарақатымен түсті, ішіне зиян келген, оның да жұмсақ терісіне зақым келген. Бүгін ол бөлімшеге ауыстырылды. Қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде омыртқасы жарақаттанған бір ғана науқас жатыр. Қалалық №4 ауруханасында бір науқас таңға дейін болды. Ол бассүйек-миының жабық жарақатын алған, тізесі жарақаттанған. Таңертең бөлімшеге ауыстырылды", - деді ол. "Жағдайы ең ауыры қалалық жедел жәрдем ауруханасында жатыр", - деп нақтылады дәрігер.

Еске салайық, жол-көлік оқиғасы Алматыда 2015 жылдың 21 қыркүйегінде болған еді. Жүргізушісіз қалған трамвай өздігінен жүріп кетіп, Шевченко мен Масанчи көшелерінің қиылысында және Байтұрсынов көшесінің бойынша бірнеше автомобильді соққан. Бір қиылыстың өзінде ол 14 автокөлікті соқты. Куәгерлердің айтуынша, трамвайдың тізгінде ешкім болмаған. Алматыдағы жол апатында жалпы 17 автомобиль бүлінді. 

Трамвайды жүргізетін әйелдің зардап шеккені хабарланды. Ол ауруханаға жеткізілді. Полиция өкілдерінің айтуынша, болжамдарға қарамастан, жүргізуші келіншек стажер емес, керісінше, тәжірибелі жұмысшы екен. Оның қандай жағдайда жарақат алғаны нақтыланбай отыр. Сонымен қатар, ІІД өкілдері жол апатынан зардап шеккендердің көбейгенін хабарлады. Көлік апатының дерегіне байланысты соталды тергеу жүріп жатыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.68   522.66   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети