07 қазан 2019 17:59

Дәрігерлер күйеуі өртеп жіберген әйелдің жағдайын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© gorvesti.ru © gorvesti.ru

Нұр-Сұлтан дәрігерлері күйеуі бензин төгіп, өртеп жіберген әйелдің жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Нұр-Сұлтан дәрігерлері күйеуі бензин төгіп, өртеп жіберген әйелдің жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Жәбірленуші 6 қазанда біздің клиникаға жедел жәрдеммен келді, оның денесі 75 пайызға күйіп қалған. Аса ауыр шок алған. Науқастың жағдайы өте ауыр, шокқа қарсы терапия жүргізіліп жатыр", - деді травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының дәрігері Татьяна Лебига.

Әйелдің жасы 38-де. Ол есін біледі. 

"Ол бізді естиді, бірақ өзінің жағдайы қандай екеніне баға бере алмайды, себебі жағдайы тым ауыр. Ол үнемі опиоидты анальгетиктермен жатыр. Өкпені жасанды тыныс алдыру арқылы демалады", - деді дәрігер.

Дәрігердің айтуынша, адам денесі 45 пайызға күйіп қалған кездің өзінде оның тірі қалуы екіталай екен. 

"Қазір қандайда бір болжам жасау қиын, 3-4 деңгейлі күйік шалғанда оның ары қарай өмір сүруі туралы айту ұиын. Күйік шалудан бөлек, оның бұғанасы сынған, бірақ ол оның өміріне қауіп төндірмейді", - дейді дәрігер. 

"Оның тек тізеден төменгі бөлігі сау қалған, ал қалған бөлігі толық күйіп қалған. Оның жарақаты тым ауыр. Болжам, жақсы болмауы мүмкін. Қазір тек күту ғана қалды", - деді Татьяна Лебида.

Айта кетейік, 43 жастағы ер адам әйелінің үстіне бензин төгіп, өртеп жіберген. Оқиға 6 қазанда шамамен 11:40-та болған. Полицияға мамандандырылған ХҚКО аумағындағы автобус аялдамасында денесі күйіп қалған әйелдің жатқанын хабарлаған. Әйел ауруханаға жеткізілді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети