Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ермек Омарбеков Өскемендегі жедел жәрдем медицина қызметкерлеріне төленетін үстемақыға қатысты түсініктеме берді. Оның айтуынша, Денсаулық сақтау басқармасының жедел жәрдем фельдшерлері мен жүргізушілеріне қарызы жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ермек Омарбеков Өскемендегі жедел жәрдем медицина қызметкерлеріне төленетін үстемақыға қатысты түсініктеме берді. Оның айтуынша, Денсаулық сақтау басқармасының жедел жәрдем фельдшерлері мен жүргізушілеріне қарызы жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Айта кетейік, Ермек Омарбеков облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметіне 1 сәуірде тағайындалған. Алайда ол бұл жағдайдан хабардар.
"Жедел медициналық жәрдем станциясының ұжымымен жұмада кездестік. Дүйсенбіде сағат 15.00-де қызметкерлермен кездесеміз және әрқайсына былтырғы наурызыдан биылғы наурызға дейінгі төлемдер бойынша ақпарат береміз деп келістік. Ресми түрде ШҚО дәрігерлеріне қарызымыз жоқ!"- дейді Ермек Омарбеков.
Оның айтуынша, Өскемен қаласының Жедел жәрдем дәрігерлеріне қауіпті аймақта жұмыс істегені үшін үстемақы төлемдері ақпанда берілген.
Ақпаратты "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының" ШҚО бойынша бөлімшесінің басшысы Ғалымжан Әбілов та растады. Оның айтуынша, өңір дәрігерлерімен бірнеше рет кездесу өткізіліп, оларға үстемеақы есептеу механизмі бойынша түсініктемелер берілген.
"Есептеу шарты түсініксіз болған шығар. Себебі, жедел жәрдем фельдшері үшін ең жоғары сома - 425 мың теңге есептелмейді. Бұл сома дәрігердің коронавирус жұқтыру қаупі бар науқастарға бару санымен есептеледі. Қарапайым мысал: бір күнде бес қоңырау болып, бір коронавирус жұқтыру дерегі расталды. Егер жұқтыру қаупі бар болса, бесеуін бірдей тексерудің мәні жоқ", - деп түсіндірді Ғалымжан Әбілов.
Оның айтуынша, дәрігерлер үстемақы сомасының азаюына наразы. Бірақ ол ауру жұқтыру деңгейіне байланысты екенін айтады.
"Былтыр наурызда ШҚО дәрігерлеріне осы санат бойынша үстемақы төлемдері 37 миллион теңге, ал шілдеде науқастар саны күрт өскен кезде 146 миллион теңге сомасында есептелді. Биыл қаңтарда қырыққа жуық", - деді Ғалымжан Әбілов.
Сонымен қатар, коронавирус жұқтыру қаупі бар науқасты қарағаны үшін фельдшер шамамен 60 714 теңге алатынын айтты.
Еске сала кетейік, бұған дейін жедел жәрдем станциясының қызметкерлері тамыздан бері коронавирус жұқтыру қаупі үшін тиісті өтемақы төленбей келе жатқанын айтқан болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!