05 ақпан 2016 18:43

Дариға Назарбаева: Болашақта бізге қытай тілін үйренуге тура келеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Болашақта бізге қытай тілін үйренуге тура келеді. Бұл туралы бүгін Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Дариға Назарбаева айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Болашақта бізге қытай тілін үйренуге тура келеді. Бұл туралы бүгін Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Дариға Назарбаева айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз кем дегенде үш тілді білуіміз керек, өйткені таяу болашақта бәрімізге қытай тілін үйренуге тура келеді. Оңтүстікте орналасқан ұлы көршіміз - біздің тағдырымыз, Қытай зор қарқынмен дамып келеді (…) Қытай - біздің досымыз, біздің сауда серіктесіміз және еліміздің экономикасындағы ең ірі инвестор. Демек, ертеңгі күні біздің балаларымыз өнеркәсіп немесе ауыл шаруашылығы салаларындағы сол зауыттарда сұранысқа ие болады", - деді Дариға Назарбаева.

Ол үш тілді білім беруге өту үшін қазақстандықтардың ағылшын тілін білуі керек екенін де жеткізді. "Бүгінгі таңда әлемде пайда болып жатқан білімдердің басым бөлігі - ағылшын тілінде. Оқу әдебиеті, монографиялар, интернет түгел ағылшын тілді және қазіргі заманда ағылшын тілінсіз алға жылжу мүмкін емес", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети