Дариға Назарбаева Мәжілістен кетті - БАҚ

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дариға Назарбаева Мәжілістен кетті - БАҚ Дариға Назарбаева. Фото: parlam.kz

Дариға Назарбаева Мәжілістен кететінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дариға Назарбаева Мәжілістен кететінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

"Бүгін мен Парламент Мәжілісінің депутаты ретіндегі өкілеттігімді тоқтатып, әлеуметтік-гуманитарлық, мәдени-қайырымдылық шараларға толықтай жұмылу туралы шешім қабылдадым.

Nur Otan партиясына дауыс берген Қазақстан халқына, маған сенім артқан партияластарыма, ел басшылығына алғыс айтамын", - деді Дариға Назарбаева.

Ол қайғылы қаңтар оқиғасы туралы айта келе, ел мүддесіне қызмет ететінін, ол үшін лауазым қажет емес екенін айтты.

"Отанымыздың бүгіні мен болашағы үшін, оның ұлттық егемендігі мен тәуелсіздігін сақтау үшін, бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін қоғамның бірлігі мен ынтымағын паш етуіміз керек. Мен еліме, оның мүддесіне қызмет ете беремін. Ал бұл үшін лауазым қажет емес", - деді депутат Дариға Назарбаева.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева еңбек демалысында және коронавирустан кейін оңалту курсын алып жатқаны айтылған еді. Бұл ақпаратты депутаттың көмекшісі Жанна Ермакова растаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети